Манипуляция: «Омикронды» жұқтыру белгілері әлсіз болғандықтан, Оңтүстік Африкада карантин тоқтатылады»
Қазнет қолданушылары Telegram-да «омикрон» коронавирусының жаңа нұсқасын жұқтырудың ең көп жағдайлары тіркелген Оңтүстік Африкада ғалымдар бұл патогенмен ауыру белгілері өте әлсіз деген қорытындыға келгенін айтуда. Осыған байланысты билік барлық карантиндік шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдаған. Бұл олай емес.
Пост авторлары келтірген зерттеуді NICD және ірі институттардың ғалымдар тобы, соның ішінде Витватерсранд Университеті және Квазулу-Натал университеті жүргізді. Әзірге ол рецензияланбаған, яғни олардың тұжырымдары басқа зерттеушілермен әлі расталған жоқ.
Дегенмен, талдау жүргізген ғалымдардың тұжырымдары 1 қазан мен 30 қараша аралығында Оңтүстік Африкада «омикрон» нұсқасын жұқтырған адамдар арасында ауруханаға жатқызу ықтималдығы осы кезеңде басқа нұсқаларды жұқтырғандарға қарағанда 80% төмен екенін көрсетті.
Зерттеудің предпринт нұсқасы жарияланғаннан кейін Оңтүстік Африкадағы карантиндік шаралардың жеңілдегені рас, бірақ аурудың белгілері бар адамдар әлі де бірқатар шектеулерді, соның ішінде оқшаулануды сақтауға міндетті.
Сондай-ақ, ақпаратта Дания мен Канадада індет жұқтырудың жаңа жағдайларының басым бөлігін вакцинацияланған адамдар құрайтыны айтылған, ал бұл вакциналардың толық тиімсіздігін дәлелдейді делінген. Шындығында, бұл күрделі мәселе.
Біріншіден, бұл елдерде вакцинацияланған адамдардың пайызы өте жоғары. Данияда халықтың 82%, Канадада 83% егілді. Осылайша, вакцинацияланған адамдар осы екі мемлекеттің басым бөлігін құрайды.
Сонымен қатар, аурушаңдықтың өсу кезеңінде де бұл елдерде өлім-жітім мен ауруханаға жатқызу көрсеткіштері айтарлықтай көтерілмейді. Бұл вакциналардың COVID-19 ауыр түрінің дамуының алдын алатындығының, яғни тиімді екендігінің белгісі.
Демек, таратылған ақпарат манипуляция болып табылады. Оңтүстік Африкада карантиндік шаралар ауру белгілері жоқ адамдар үшін ғана жеңілдетілді, ал Дания мен Канададағы аурушаңдық көрсеткіші вакциналардың тиімсіздігін дәлелдемейді.