Fake News

Фейк: «Адамдарды пандемияға сендіру үшін актерлер COVID-19-дан қайтыс болғандарды ойнаған»

Қазақстандықтар қара пакеттермен оралған адамдардың денелері салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылауда. Бұл ретте, «мәйіттердің» бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үстеріндегі қара пакеттерді түзетуде. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді. Бұл пікір – фейк.

 

Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик ағымдағы жылдың 30 наурызында жарияланған және онда «Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі» деп жазылған.

@vasyaivanovdesignСъемки клипа Хаски – Никогда-нибудь #Хаски #рэперхаски #бекстейдж #какснимали #съемки #backstage #рекомендации #хочуврек #рек #хаски♬ Никогда-нибудь – Хаски


Рэпер Хаскидің «Никогда-нибудь» әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік. 
Демек, видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, сондай-ақ, бұл көркем музыкалық бейне және шынайылықпен байланысты емес.

Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button