Fake News

Фейк: «Жаңалықтар сюжеттерінде өлген адамдарды актерлер ойнайды»

Әлеуметтік желілерде мәйіттерге арналған пластикалық пакеттерге оралып, жерде жатқан адамдардың жанында тұрған тілшінің жаңалықтар сюжетінен үзінді тарады. Репортаж кезінде жатқан адамдардың бірі қозғалады. Сондықтан пайдаланушылар жаппай өлімнің орын алғанын көрсету үшін жаңалықтар сюжеттерінде актерлер марқұмдарды ойнайды деген қорытынды жасаған Бұл олай емес.

Қазіргі кезде Қазнетте таралып жатқан жаңалықтар сюжеті белгілі бір жағдайға байланысты орын алған өлім-жітім туралы емес және тілші жерде жатқандар – өлген адамдар деп айтқан жоқ. Сюжет қоршаған ортаны қорғаушылар ұйымдастырған акция туралы. Шара биыл 4 ақпанда Венада өтті.
Наразылық білдіруші белсенділер атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газы проблемасына назар аудару үшін мәйіттерге арналған пакеттер жамылып, жерге жатып алған. Nature ғылыми журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, 2020 жылы атмосфераға шығарылған әрбір қосымша 4434 метрикалық тонна көмірқышқыл газы 2020-2100 жылдары әлем бойынша бір артық өлімге әкеледі.
Белсенді Михаэль Шпикерман жазғандай, Австрияда 4 434 тонна СО2 әр 29 минут сайын атмосфераға шығарылады. Nature журналында келтірілген есептеу әдісіне сәйкес, шығарындылардың мұндай мөлшері әлемде 2020 жылдан 2100 жылға дейін күніне 49 артық өлімге әкелуі мүмкін.

Белсенділер наразылық акциясы арқылы саясаткерлердің назарын осы мәселеге аударып, оларды атмосфераға көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуды қамтамасыз ететін заңдардың қабылдануын тездетуге итермелемек болған. Сондықтан көмірқышқыл газының шығарылу деңгейі төмендемесе, ықтимал артық өлімнің санын нақты көрсету үшін 49 адам өлгендей болып жатқан.

Демек, жаңалықтар сюжетінде қаза тапқан адамдар жайлы емес, наразылық шарасы туралы айтылды, оның барысында ешкім өлген жоқ. Сонымен қатар, көрермендерге жерде жатқан адамдардың тірі екендігі айтылды.
Бұған дейін covid-диссиденттердің жарнамалар мен музыкалық видеолардың түсірілімін жаңалықтар сюжеттері деп ұсыну әрекеттері жайлы жазған болатынбыз.

Фейк: «Адамдарды пандемияға сендіру үшін актерлер COVID-19-дан қайтыс болғандарды ойнаған»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button