Fake News

Манипуляция: «Германияда климатты қорғау үшін адамдарды зарарсыздандыру ұсынылады»

Әлеуметтік желілерде Германияда климатты қорғау үшін адамдарды зарарсыздандыру ұсынылып отырғаны туралы ақпарат тарады. Балалы болу мүмкіндігінен бас тарту арқылы CO2 шығарындыларын айтарлықтай азайтуға және жаһандық жылынуды бәсеңдетуге болады екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Алдымен табиғатты қорғауға қосқан ең жақсы үлес – бұл ата-ана болудан бас тарту деген теорияны қарастырайық. Ол 2017 жылы әрбір жаңа туған нәресте өмірінде шығаратын СО2 мөлшерін көлікпен немесе фермамен салыстыруға келмейтіні туралы мақала жарияланғаннан кейін пайда болды.

Алайда, бұл мақала бірден сынға ұшырады. Ғалымдардың атап өтуінше, онда экология саласындағы әлемдік және мемлекеттік саясаттың өзгеруі және жасыл технологиялардың дамуы сияқты маңызды факторлар ескерілмеген. Зерттеушілердің пікірінше, оларды ескере отырып, 2022 жылы туған нәресте тек 28 жасқа дейін ғана CO2 шығаратынын дәлелдейтін болжалды есептеулер жасауға болады. Содан кейін технологияның дамуы мен саясаттағы жетілдірулердің арқасында шығарындылар өте аз болады немесе мүлдем тоқтайды.

Дегенмен, ғалымдардың дәлелдеріне күмән келтіріп, 2017 жылғы мақалаға сенетін адамдар бар. Олардың пайымдауынша, қазіргі әлемде балалы болу бұл жауапсыздық және зарарсыздандыру процедураларынан өтіп, бұл мүмкіндіктен өз еркімен бас тартады. Бұл қозғалыс Германияда ғана емес, басқа елдерде де бар және ол BirthStrike деп аталады, бұл «Туу ереуілі» дегенді білдіреді.

Неміс белсенділерінің бірі, 42 жастағы Верена Бруншвайгер жақында ел билігін 50 жасқа толып, балалы болмағандарға 50 мың еуро төлеуге шақырды. Оның айтуынша, мұндай адамдар «Жерді қорғағаны» үшін марапатталуы керек. Алайда, оның ұсынысы шын деп қабылданбады және ресми деңгейде Германияда балалы болу мүмкіндігінен бас тартуға шақырмайды, сондай-ақ 50 жасында ата-ана атанбағандарға сыйақы төлемейді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі, біріншіден, ата-ана болу мүмкіндігінен бас тарту климатты қорғаудың ең жақсы тәсілі емес екенін дәлелдейді. Екіншіден, Германияда адамдарды қандай да бір себептермен зарарсыздандырылуға шақырмайды. Мұндай процедураны кейбір радикалды белсенділер өз еркімен жасайды, бірақ мемлекет олардың шешіміне ешқалай әсер етпейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button