Fake News

Фейк: «Суды QR-кодпен ғана береді»

Instagram-да Нигерияда түсірілген видео тарады. Онда су алуға келген екі әйел алдымен сканерді қолданатыны көрсетілген. Видео жазбасында олар QR-кодты сканерлеген, онсыз елде су алу мүмкін емес деп жазылған. Бұл жалған.

Бұл видео Желіде 2023 жылдың наурыз айында тараған. Барлық жерде бірдей жазылды, бұл кадрлар Нигерияда түсірілген және әйелдер су алу үшін QR-кодты пайдаланады.

Шын мәнінде, бұл видео Нигерияда емес, Малавиде түсірілген. Видео кейіпкерлері кәдімгі су сататын автоматты пайдаланады. Олар QR кодын емес, су сатып алу үшін төлем жасау үшін банк картасын өткізген.

Мұндай автоматтар Малавиде 2020 жылдың екінші жартысында, COVID-19 пандемиясы кезінде орнатылды. Бұған дейін төлемді автоматтың жанында белгілі бір уақытта кезекшілік ететін адам алатын. Осыған байланысты суға ұзақ-сонар кезек қалыптасып, ауру жұқтыру ықтималдығы едәуір артқан. Автоматтандырылған су беру жүйелерін орнату тәулік бойы жұмыс істейді және үшінші тұлғалардың қатысуын қажет етпейді, өйткені сатып алушылар тікелей төлем жасайды.

Демек, таралған ақпарат – фейк. Кадрларда Нигериядағы QR-код бойынша су беру жүйесі емес, Малавидегі кәдімгі су сататын автомат көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button