Fake News

Фейк:«Microsoft 2004 жылдан бері адам денесінің патентіне ие»

Қастандық теориясын жақтаушылар Желіде Билл Гейтстің адамзатты вакциналар арқылы жою жоспарына жаңа «дәлел» тапты. Бұл жолы теорияны Гейтс негізін қалаған Microsoft-тың патенті «растайды», ол фирмаға адам денесіне құқық береді екен. Бұл жалған.

Нөмірі 6 754 472 патент 2003 жылы Microsoft компаниясымен ұсынылып, 2004 жылы мақұлданған. Өтінім беру фактісі де, патенттің мазмұны да құпия болмаған. Әлемдік БАҚ ерекше идея туралы жазды.

Патенттің өзі осы күнге дейін қол жетімді және оны табу еш қиындық тудырмайды. Онда чиптеу немесе вакцинация туралы айтылмайды. Сонымен қатар, патент адам ағзасына ерекше құқықтарды алуға емес,«адам денесін қолдана отырып, энергия мен ақпарат тарату әдістері мен жабдықтарына» негізделген. Қысқаша айтқанда, онда патентте адам терісінің табиғи қасиеттерін өзімен бірге алып жүретін әртүрлі құрылғыларды біріктіру үшін пайдалану идеясы сипатталады. Мысалы, патентте сырғаны ұялы телефонмен қосу мүмкіндігін сипатталады, осылайша кіріктірілген динамиктері бар зергерлік бұйым арқылы баусымсыз телефонда ойнаған музыканы тыңдауға болады. Немесе портативті пернетақта пейджер, MP3 ойнатқышы және телефон сияқты бірнеше құрылғыны бірге басқара алады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін адам терісін пайдалану қажет емес екені анық. Смартфонға физикалық түрде қосылмаған сымсыз құлаққаптар арқылы ондағы музыка, қоңырау соққанда әңгімелесушілердің дауысы және басқа да дыбыстық сигналдар естіледі. Қолыңыздағы ақылды сағат сөмкеде жатқан ұялы телефонға жіберілген хабарламаны оқуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі адам терісінің қабілетіне емес, Bluetooth технологиясының арқасында мүмкін болып отыр. MP3 ойнатқышына, пейджерге және телефонға арналған бірыңғай пернетақта қажет емес, өйткені қазіргі заманғы смартфондар мультимедиа файлдарын, музыканы оңай ойната алады, интернетке кіреді, аудио, видео және мәтіндік хабарламалар жібереді және 2004 жылы патент мақұлданған кезде қол жетімді болмаған көптеген басқа операцияларды жүзеге асырады.

Осылайша, Microsoft патентінде сипатталған технология әлі де кең қолданылмай отыр.

Қорыта айтқанда, аталған патенттің вакцинацияға да, чиптеуге де, адамдардың денесіне де қатысы жоқ. Онда тек пейджер, телефон, құлаққап және т.б. сияқты портативті құрылғыларды адам терісінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сымсыз желіге қосу технологиясы сипатталған. Бүгінгі таңда бұл технология кеңінен қолданылмауда – оның орнына қарапайым және арзан Bluetooth технологиясы пайдаланылады, ал патентте сипатталған көптеген құрылғылар, мысалы, пейджер мен MP3 ойнатқыштары мүлдем қолданыстан шығып қалды, сондықтан оларды ештеңемен байланыстырудың қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button