Fake News

Фейк: «Халықаралық сот Патшайым Елизавета II, Альберт Бурла мен Джастин Трюдоны геноцид үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Жалпы құқық бойынша Халықаралық сот 75 адамды геноцид жасады деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды, оның ішінде Рим Папасы, Патшайым Елизавета II, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Pfizer бас директоры Альберт Бурла және т.б. бар екендігі туралы ақпаратты белсенді түрде таратуда. Бұл жалған, неге екенін түсіндірейік.

Жалпы құқық бойынша халықаралық сот бұған дейін де атышулы шешімдер қабылдаған. Мысалы, 2020 жылы ол барлық карантиндік шектеулердің заңсыз екендігі туралы қаулы шықты, ал 2021 жылы Рим Папасы Францискті ұстауға көмектескені үшін 10 000 доллар сыйақы тағайындалды.
Соттың мұндай шешімдерінің бар екеніне қарамастан, олардың ешқандай заңды күші жоқ, өйткені соттың өзінің ешқандай күші жоқ және оны ешкім еш жерде мойындамайды. Жалпы құқық бойынша халықаралық сот жалғыз адам Кевин Аннет құрған Каната Республикасында орналасқан. Бұрын ол дін қызметшісі болған, бірақ 1997 жылы қастандық теорияларын таратып, конспирологиялық идеяларды насихаттағаны үшін шеттетілді. Бұған дейін Аннетке психиатрда тексерілу ұсынылған, бірақ ол бас тартты. 
«Каната Республикасы» Канада аумағында орналасқан және әлемдегі бірде-бір мемлекетпен мойындалмаған. Демек, ол «ел» сайтында ақпарат ұсынылғанына қарамастан, бұл нақты және заңды мемлекет емес.
Патшайым Елизавета II, Джастин Трюдо, Альберт Бурла және басқа да адамдарға геноцидке қатысты айыптау бойынша үкім шығарылғаны туралы хабарламалар фейк екенін AFP Canada басылымы растады.

Сонымен, Жалпы құқық бойынша халықаралық сот – бұл бұрын қастандық теорияларын таратқанымен көзге түскен жалғыз адам ойлап тапқан ұйым. Бұл «сот» қаулысының заңды күші жоқ. Демек, 75 адам геноцид үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды деген хабарламалар фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button