Fake News

Фейк: «Екпе салдырған балаларда бұрын белгісіз болған балалар деменциясы ауруы дамиды»

Қазнет қолданушылары COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған жүздеген балада бұрын белгісіз болған балалар деменциясы ауруы тіркелгені туралы жазуда. Вакциналардың мұндай ауруларға әкелуі ықтимал екенін ғалымдар дәлелдеген екен. Мұның бәрі жалған. Неге екенін түсіндірейік.

«Балалар деменциясы» терминінің анықтамасынан бастайық. Бұл генетикалық мутация нәтижесінде пайда болатын нейродегенеративті аурулар тобы. Балалар деменциясы уақыт өте келе қалыптаспайды, ол бірден байқалмаса да, туа біткен ауру. Адамдар 2022 жылға дейін бұл ауру туралы бейхабар болғаны шындыққа жанаспайды. Желіде, мысалы, 2013 жылы осы тақырыпта жазылған ғылыми жұмыстарды табуға болады. Сондай-ақ Интернетте осындай диагнозы бар балалардың ата-аналарының айтқан әңгімелерін де оқи аласыздар. Олардың кейбіреулері 2018 жылы және одан ерте жазылған. 
Вакциналар мен балалар деменциясына әкелетін генетикалық мутацияның дамуының арасында ешқандай байланыс жоқ.
Айта кетейік, балалардың деменциясын зерттеумен және осындай диагнозы бар балаларға көмек көрсетумен айналысатын Childhood dementia Initiative childhood dementia Initiative қоғамдық ұйымының мәліметтері бойынша, қазіргі кезде бұл сирек кездесетін генетикалық аурудың өршуі байқалмайды. Демек, вакцинацияланған жүздеген балаға осындай диагноз қойылды деген тұжырым жалған.
Сондай-ақ COVID-19 қарсы вакциналар ересектер деменциясының асқынуына әкелмейтіні дәлелденді. 
Тұмауға қарсы вакциналар, керісінше, деменцияның бір түрі болып табылатын Альцгеймер қаупін төмендететіні белгілі. 
Таратылған мәтінде COVID-19 қарсы вакциналар прион аурулар тудыруы мүмкін деп те айтылған. Бұл да нейродегенеративті аурулар, бірақ туа біткен генетикалық мутация емес, прион инфекциялық ақуыздарынан туындайды. 
COVID-19 қарсы вакцинаның құрамында осындай ақуыздар барына немесе олардың ағзада пайда болуына әкелетініне ешқандай дәлел жоқ. Бұл теорияны фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.

Сонымен қатар ақпаратта вакциналар тудыратын Крейтцфельд-Якоб ауруы туралы айтылған. Бұл адамдар арасында ең көп таралған прион ауруларының бірі. Ғылыми әдебиеттерде COVID-19 қарсы вакцинасын алған адамда осы ауру дамыған бір ғана жағдай сипатталған. Алайда, есепті дайындаған дәрігерлердің өздері вакцина мен аурудың өзара байланысын растау үшін негіз жеткіліксіз екенін айтты. Демек, вакцинация аурудың дамуына әкелмейді деуге болады, себебі бұл мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, таралған хабарламада адамдарды қорқытып, оларды вакцинациядан бас тартуға көндіруге бағытталған жалған және ғылымға қарсы мәліметтер бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button