Fake News

Фейк: «COVID-19 – бұл улану, ал Sars-CoV-2 вирусы жоқ»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар дәрігер Рамин Имановтың сөйлеген сөзінің видеосын таратуда. Оның айтуынша, COVID-19 – бұл улану, SARS-CoV-2 вирусы жоқ, ал ауруханалардағы дәрігерлер өлім-жітімді арттыру үшін пациенттерді ӨЖЖ аппараттарына қосады. Мұның бәрі жалған.


Рамин Иманов – химтрейлдер теориясы сияқты қастандық теорияларын жақтайтын мәлімдемелерімен танымал украиналық дәрігер. Бұған дейін украиндық фаткчекерлер оның COVID-19 вирустық ауру емес, ұшақтар шашатын бериллий форидімен улану деген пікірін жоққа шығарған болатын. 
Covid-диссиденттер КВИ – бұл химиялық заттармен улану деген пікірді бұрыннан айтып келеді. Олар адамдарды жыланның уымен, алюминий және бериллий оксидтерімен, фосгенмен, гуанидинмен және басқа да заттармен улайды деп жазды.

Шын мәнінде, бұл заттармен улану белгілері COVID-19 ауруының белгілерінен өзгеше, ал ұшақтардан химиялық заттар шашу туралы теория адамдардың ауруды таза ауада серуендегеннен кейін емес, бір-біріне жұқтыратынын түсіндіре алмайды.

Дегенмен, қастандық теориясын жақтаушылар Sars-CoV-2 вирусы мүлдем оқшауланбағандықтан ол жоқ деп мәлімдеп, жаппай улау нұсқасын қолдайды. Бұл теория бірнеше рет теріске шығарылды. SARS-CoV-2 коронавирусының геномы Қытайда 2020 жылғы қаңтарда, содан кейін басқа елдерде толығымен анықталды. Бұл туралы деректер баршаға қолжетімді және құпия емес.
COVID-19 ауыр түрде ауырған адамдарды тыныс алуға көмектесу үшін өкпені жасанды желдету құрылғыларына қосады. ӨЖЖ аппаратына қосу – дәрігерлер барлық басқа амалдар таусылған кезде ғана жүгінетін төтенше шара.
Демек, бұл ең ауыр жағдайларда ғана қажет, сондай-ақ дәрігерлер пациентті өлтіруді емес мақсат етпейді, керісінше оған барлық ықтимал жолдармен көмектесуге тырысады.

Фейк: «Дәрігерлер өлім-жітім көрсеткішін арттыру үшін пациенттерді ӨЖЖ аппаратына әдейі қосады»

Доктор Имановтың COVID-19 С витаминінің көмегімен емдеу туралы сөздеріне де сенуге бомлайды. Өйткені, әлемдік ғалымдар бұл витаминнің аурудың барысына әсерін зерттеуді. Олар С витамині пайдалы болғанымен, оны қолдану COVID-19 және пневмонияны емдеуге айтарлықтай әсер етпейді деген қорытындыға келді. 

Қорыта айтқанда, Рамин Иманов таратылған видеода бұрын жоққа шығарылған фейктерді қайталайды, оларға сенудің қажеті жоқ. Естеріңізге сала кетейік, мұндай «сарапшылардың» пікіріне құлақ асу өте қауіпті болуы мүмкін. Егер бойыңыздан COVID-19 белгілерін байқалса, дереу білікті медициналық көмекке жүгінуіңіз керек.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button