Fake News

Фейк: «Желіде «Спутник-V» вакцинасының қорқынышты жанама әсерлері туралы ақпарат тарады»

Қазақстандықтар «Спутник-V» вакцинасының жағымсыз әсерлері туралы ақпараттың желіде «тарағаны» туралы хабарламалармен бөлісуде. Ауру салдарының «фотосында» гангрена, псориаз және түрлі жаралар көрсетілген. Бұл хабарлама – фейк.

Әлеуметтік желілердегі посттарға сәйкес, аурудың «жанама әсерлері» туралы Пирогова атындағы Ресей ұлттық зерттеу университетінің 17 жастағы студенті айтқан. Оны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында зертханалық жұмыстарға тартқан екен. Оған жануарлар мен адамдардың қанымен араластыру үшін белгілі бір сұйықтық берген. Бұдан кейін ол ғылыми жетекшісінің компьютеріндегі «Co-19 поб.» папкасынан қорқынышты фотосуреттерді көрген. Ол желіде нақ осы суреттерді жариялаған

Біріншіден, университеттің орталықпен ынтымақтастығы туралы университеттің сайтында да, ҒЗО платформасында да айтылмаған.
Екіншіден, «әшкерелейтін» материалға тіркелген барлық фотосуреттерді желіде оңай табуға болады. Суреттерде гангрена, трофикалық жара, үлкен безеу және тамшы тәрізді псориаз бейнеленген.

Үшіншіден, «Спутник-V» вакцинасының клиникалық сынақтары туралы есепте мұндай жағымсыз әсерлер туралы ештеңе айтылмаған. Керісінше, сынақтар препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.
Төртіншіден, 2020 жылғы қазан айында «Спутник-V» вацинасын әзірлеушілер клиникалық зерттеулерге қатысушылардың 85%-ында жанама әсерлер мүлдем байқалмағанын хабарлады. Қалған 15%-да дене қызуы көтерілген, инъекция орнында ауырсыну және ісіну, бас ауруы және бұлшықет ауруы тіркелді. Сынаққа қатысушылардың арасында басқа ешқайндай аса ауыр салдар болмаған.

Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакцинасының «қорқынышты жанама әсерлері» туралы хабарламалар мен фотосуреттер – Желі қолданушылары ойдан шығарған нәрсе. Бұл ақпараттың шынайылығын растайтын фактілер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button