Fake News

Фейк: «Пациенттерде COVID-19 емес, алюминий және бериллий оксидтерімен улану болуы мүмкін»

Қазақстандық пайдаланушылар әлем халқы ұшақ отынының жануы нәтижесінде жерге қонатын алюминий және бериллий оксидтерімен уланып жатқаны туралы роликпен бөлісуде. Бұл ақпаратта химтрайлдер конспирологиялық идеясының белгілері бар.

Ролик Қазақстанға ресейлік мессенджерлерден таралған. Видеода бұған дейін COVID-19 қарсы вакциналар жануарларда клиникаға дейінгі сынақтардан өткізілмеген деген жалған мәлімдемелер жасаған, сондай-ақ екпелер тиімсіз және өлімге әкеледі деп айтқан химик және COVID-диссидент Елена Кириченко көрсетілген.

Фейк: «Жаппай вакцинация басталғалы мыңдаған өлім тіркелді»

Оның айтуынша, «реактивті отын жанған кезде көптеген жану өнімдері, оның ішінде алюминий және бериллий оксидтері атмосфераға шығарылып», адамдардың өкпесіне жиналады.

Алдымен алюминий оксиді мен бериллий оксидінің не екенін анықтайық.

Al2O3 алюминий оксиді – алюминий мен оттегінің екілік қосылысы. Ол табиғатта сазбалшық түрінде кездеседі, балшықтың құрамына алюминий, калий, натрий, магний оксидтерінен және т. б. тұратын стехиометриялық емес қоспа кіреді.

Бериллий оксиді – бериллий мен оттегінің екілік химиялық қосылысы. Бериллий оксиді бериллий гидроксидінің және оның кейбір тұздарының (мысалы, нитрат, негізгі ацетат, карбонат және т.б.) термиялық ыдырауы арқылы алынады, ол жер асты суларында негізінен суспензия түрінде (көбінесе органикалық заттармен күрделі қосылыстарда) және ішінара еріген күйде болады.

Бериллий оксиді зертханалық тигельдерге және басқа да арнайы жағдайларда жоғары жылу өткізгіш жоғары температуралы оқшаулағыш және отқа төзімді материал ретінде қызмет етеді. Ал уран тотығымен бірге ол өте тиімді ядролық отын ретінде қолданылады, бірақ ұшақтарда емес.

Бұл қосылыстардың авиациялық отынның жануы кезінде пайда болатындығына ешқандай дәлел жоқ.

Видеодағы кейіпкер ауыр науқастарда болатын COVID-19 белгілері бериллиймен улану, яғни бериллиоз белгілеріне ұқсас екенін айтады.

Бериллиоз – бұл кәсіби ауру; құрамында бериллий бар шаңмен немесе бумен тыныс алу нәтижесінде туындайтын өкпенің дәнекер тінінің қабынуы. Бериллиозға негізінен ғарыш саласының қызметкерлері бейім. Бериллийдің ең улы қосылыстары – фтороксид, фторид және бериллий хлориді.

Айта кетейік, бұл аурудың алғашқы белгілері 10-20 жылдан кейін пайда болуы мүмкін, ал COVID-19 бірнеше күннің ішінде дамиды.

Жедел бериллиоз кезінде жөтел, тыныс алу тереңдігінің қиындауы және төмендеуі, кеуде аймағындағы ауырсыну, салмақ жоғалту орын алады. Көз бен теріге зақым келуі мүмкін. Коронавирустың белгілері – қызудың көтерілуі, жөтел, шаршау, дәм немесе иіс сезу қабілетін жоғалту. Аурудың ауыр түрінде вирустық пневмония дамиды, бұл өкпенің кең қабыну процесін және одан кейінгі жедел тыныс жетіспеушілігін тудырады.

Бұл екі түрлі ауруды салыстыру спикер ұсынған теорияның дәлелі бола алмайды. Симптомдардың ұқсастығы сол органдардың зақымдалуына байланысты.

Сонымен қатар, адамдар беррилиймен немесе оның оксидімен уланған жағдайда, дерт коронавирус сияқты ауру адамнан сау адамға жұқпайды.

Видеода Кириченко теріске шығарылған тағы бірнеше теорияны атап өтеді. Мысалы, коронавирус пен тұмауға қарсы вакциналар антиденеге тәуелді инфекцияның күшейюіне әкеледі. Бұл олай еместігін біз бұған дейін жазған болатынбыз. Сонымен қатар, оның айтуынша, вакциналар құрамындағы алюминий қауіпті. Бұл тезис те миф болып табылады және бірнеше рет теріске шығарылған.

Дәлелсіз: «Вакциналардағы алюминий Альцгеймер ауруын тудырады»

 

Жалпы, Елена Киреченконың сөзінде негізделген және расталған фактілер жоқ. Мұның орнына ол вакцинацияға қарсы тұлғалар мен конспирологиялық идеяларды жақтаушылар қолдайтын бірнеше жалған және ғылымға қарсы теорияларды алға тартқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button