Fake News

Фейк: «Әлемде малды вакцинаның көмегімен өлтіруде»

Қазнет пайдаланушылары малдың жаппай қырылуы туралы жазуда. Вакцинациядан кейін мыңдаған жануар өлген екен. Бұл жалған.

Тараған ақпаратта Үндістанның Гуджарат штаты туралы айтылған. 2022 жылдың шілде айының соңында және тамыз айының басында онда сиырлар мен буйволдардың жаппай қырылуы тіркелді, бірақ бұл жағдай вакциналармен байланысты емес. Үнді БАҚ-тарының хабарлауынша, жануарлар жұқпалы ауру салдарынан өлген.
Індет штаттағы 33 аймақтың17-нде таралды. Ресми мәліметтер бойынша, бес мың, бейресми мәліметтер бойынша – бұдан бірнеше есе артық мал қырылған. Live Hindustan порталының хабарлауынша, кейбір аудандарда 25000 өлген мал тіркелген.
Қазнет пайдаланушылары ірі қара малды қасақана жою туралы бұған дейін де жазған болатын. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жануарларды қасақана улайтыны туралы қорқынышты кадрлар таралды. Алайда, фактчекерлердің тексеруінің нәтижесінде мұндай хабарламалардың ешқайсысы расталған жоқ. Ұдайы видеода көрсетілген жануарлардың індет салдарынан өлгені анықталады.

 

Фейк: «Қолдан аштық жасау үшін малды әдейі өлтіреді»

 

Демек, таралған ақпарат – фейк. Үндістанда сиырлар мен буйволдар вакцинадан емес, жұқпалы ауру салдарынан өлген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button