Fake News

Манипуляция: «КВИ жұқтырудың жаңа жағдайларының 74%-ын толық вакцинацияланғандар құрайды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) жаңа баяндамасы туралы хабарлады. Онда COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайларының 74%-ын толық вакцинацияланған адамдар құрайды делінген. Бұл тезис контекстен үзіп алынған және манипуляция болып табылады.


CDC ресми сайтында жарияланған жауапта, мәліметтер АҚШ бойынша емес, тек Массачусетске қатысты алынғаны айтылған. Оның халқының саны 7,1 миллион адамды құрайды. Оның ішінде (2021 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша) 4,3 млн адам толық егілген.
Есепке сәйкес, шілде айында штатта КВИ инфекциясын жұқтырудың 469 жағдайы анықталды. Оның 346-сы толық егілгендер. Бұл ретте адамдардың көбі вирустың бастапқы штамына қарағанда әлдеқайда агрессивті дельта нұсқасын жұқтырғаны атап өтіледі. Сондай-ақ, бұл нұсқаға қарсы вакциналардың тиімділігі басқаларға қарағанда біршама төмен екендігі белгілі.
Алайда, CDC сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ауру жұқтырғандардың ішінен тек төрт вакцинацияланған адам ғана ауруханаға жатқызылған. Олардың ешқайсысы ауру салдарынан қайтыс болған жоқ. Ал ауруханаға жатқызу қажет болмағандар аурудың кейбір белгілері болған және олар үй жағдайында емделгендер немесе симптомсыз ауырғандар.
Бұл көрсеткіштер вакциналардың тиімділігі туралы қолда бар деректерді өзгертпейді және оларға қайшы келмейді. Алайда, CDC толық вакцинацияланған адамдарға да әлеуметтік қашықтықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға және бетперде тағуға кеңес береді.
Сонымен, КВИ жұқтырудың жаңа жағдайларының 74%-ын вакцинацияланған адамдар құрайтыны туралы ақпарат – манипуляция. Көрсеткіштер контекстен үзіп алынған. Фейк авторлары Массачусетс штатында тұратын екпе салдырған 4,3 миллион адамның 346-сы ғана ауырып қалғанын айтпайды. Сондай-ақ, хабарламада олардың басым бөлігінде аурудың жеңіл немесе мүлдем симптомсыз өткені ескертілмейді. Вакцинацияланған науқастар арасында өлім-жітім де тіркелмеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button