Фейк: «Балалар COVID-19 ауырмайды және жұқтырмайды»
Қазақстандықтар балалардың COVID-19 жұқтырмайды, демек, оларды осы ауруға қарсы вакцинациялаудың мағынасы жоқ екендігі туралы ақпаратты таратуда. Бұл идеяның авторы – ресейлік биолог және антивакцинатор Елена Калле. Оның тұжырымдарына неге сенуге болмайтынын түсіндіріп өтейік.
Іс жүзінде балалар ересектерге қарағанда COVID-19 жұқтыруға бейім емес. Алайда, бұл олардың мүлдем бұл аурумен ауырмайтынының белгісі емес.
Америкалық педиатрия академиясының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде АҚШ-та COVID-19 жұқтырған -5,7 миллионнан астам бала анықталды. Бұл елдегі науқастардың жалпы санының 16%. Сонымен қатар, Академия есебінде КВИ жұқтырған балалардың 0,1-2% ауруханаға жатқызуды қажет ететіні айтылған. Балалар арасында COVID-19 салдарынан қайтыс болу жағдайлары өте сирек кездеседі. АҚШ-та бұл көрсеткіш жалпы науқастар санының 0,03% құрайды.
ЮНИСЕФ-тің әлемнің 58 елінен жинаған мәліметтері бойынша, 4000-нан астам қыз бен әйел COVID-19 нәтижесінде 20 жасқа жетпей көз жұмған. Ерлер арасында бұл көрсеткіш 4 600 адамнан асады.
Демек, балалар мен жасөспірімдер КВИ жұқтырып қана қоймай, ауру салдарынан қайтыс болуы да мүмкін. Тиісінше, вакцинация маңызды және қауіпті инфекцияның алдын алудың тиімді шарасы болып табылады.
Яғни, Елена Калленің мәлімдемесі фактілерге және мен КВИ сырқаттанушылықтың баршаға қолжетімді статистикасына қайшы келеді.
Ол бұған дейін де жалған мәлімдемелер жасаған. Елена Калле – бірнеше негізсіз теорияның авторы. Ол «Спутник-V» вакцинасы ағзада вирустық жасушалардың қалыптасуына әкеледі және осы препараттың клиникалық зерттеулеріне тек 76 адам ғана қатысқан деп айтқан болатын. Бұл мәлімдемелер жоққа шығарылды.
Елена Калленің вакциналар шығаруға және иммунитетті зерттеуге ешқандай қатысы жоқ. Ол «Бүкілресейлік ауылшаруашылық биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институтында» (ФГБНУ ВНИИСБ) ғылыми қызметкер болған, 2016 жылы аттестациядан өткен.
2017 жылы Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясының ҒЗО молекулярлық-биологиялық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды. Онда жарты күннен істеген. Иммунитетті, вакциналар мен вирустарды зерттеу Елена Калленің міндетіне жатпаған. Желіде осы мекеменің қызметкері ретінде бірлескен авторы атанған ғылыми еңбекті табуға болады. Оның вакцинацияға еш қатысы жоқ.
2018 жылы Елена Калле «Биология мен медицинаның философиялық мәселелері» жинағында мақала шығарды. Басылымдағы материалдар өлімнен кейінгі донорлық және жүктілікті жасанды жолмен тоқтату мәселелеріне арналды.
Демек, балалар мен жасөспірімдерді КВИ қарсы вакцинациялау мағынасыз деген пікір өтірік. Балалар мен жасөспірімдер COVID-19 жұқтырады және одан қайтыс болуы да мүмкін. Елена Калле – ғылымға қарсы бірнеше теорияның авторы. Оның вакциналар әзірлеуге және иммунитетті зерттеуге ешқандай қатысы жоқ. Тиісінше, оны вакцинация саласындағы беделді дереккөз деп санауға болмайды.