Fake News

Фейк: «Дәл қазір артық өлім-жітім 84% құрайды»

Қазақстандықтар дәл қазір әлемде артық өлім-жітім 84%-ға тең, ал «аурулардың барлық түрлерінің таралуы» 1100% құрайтыны туралы бейнероликпен бөлісуде. Бұл тұжырымды талдап, оның неге дұрыс еместігін түсіндірейік.

 

Бұл хабарламаның дереккөзі – америкалық адвокат Тодд Каллендер. Ол бұған дейін COVID-19 қарсы вакциналар ЖҚТБ қоздырады деп мәлімдеген вакцинацияға қарсы белгілі тұлға. 

Яғни оның айтқандарының бәрі біржақты және оған толық сенудің қажеті жоқ.

Артық өлім статистикасына келетін болсақ, алдымен оның не екенін түсіну керек. Артық өлім-жітім дегеніміз – өткен жылдардағы статистика негізінде болжанған белгілі бір кезеңде күтілетін өлім мен сол кезеңде болған нақты өлім көрсеткіштері арасындағы айырмашылық. 

Демек, осы 2022 жылдағы артық өлім-жітімді дәл қазір есептеу мүмкін емес – ол жыл аяқталған кезде және барлық деректер қол жетімді болғанда ғана есептеледі.

Бүгінгі күні 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі артық өлім-жітім көрсеткіші белгілі. Ол 13.3-16.6 миллионды құрады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы артық өлім туралы аралық мәліметтер бар – ол шамамен 15% немесе болжанғаннан 4000 өлімге артық. Бұл ретте бұл жалпы көрсеткіштің 2500 жағдайы COVID-19, ал қалған 1500-і басқа аурулардың салдарынан болғандығы атап өтілген.

Еуроодақ елдерінде осы жылдың наурызында артық өлім-жітім 6%-ға, ал сәуір айында 10%-ға тең болды.

Әр түрлі елдердің статистикасына сәйкес, қазір артық өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі байқалмайды. 

Жоғарыда айтылғанның нәтижесінде бұл көрсеткіш Тодд Каллендер айтқандай 84% бола алмайды деуге болады.

Ал аурулардың барлық түрлерінің таралуы 1100% құрайды деген пікірге келетін болсақ, бұл түсініксіз жағдай. Медицинада да, статистикада да мұндай терминдер жоқ, сондықтан Каллендердің бұл көрсеткішті қалай есептегенін және оның нені білдіретінін түсіну қиын.

Қорыта айтқанда, таралған видеоға сенуге болмайды. Онда ресми деректерге қайшы келетін дәлелденбеген және жалған тезистер ұсынылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button