Fake News

Фейк: «Спутник-Light вакцинасы» – бұл Еуропада тыйым салынған Astra-Zeneca»

Telegram-да «Спутник-Light» вакцинасы іс жүзінде Еуропада тыйым салынған Astra-Zeneca шығарған ағылшын-швед препараты екендігі туралы бұрынғы фейк таратылуда. Бұл бір жолда «Спутник–Light» және Astra-Zeneca препараты туралы ақпарат ұсынылған кестенің скриншотымен «расталады». Мұны түсіндіріп өтейік.


Astra-Zeneca және «Спутник-Light» препараттары екі түрлі вакциналар және құрамы әртүрлі екендігі туралы біз бұған дейін айтқанбыз.
Сондай-ақ, клиникалық сынақтар аясында екі препарат комбинациясы бере алатын КВИ-ден қорғау деңгейін бағалау үшін бірге қолданылғанын жазған болатынбыз.
Astra-Zeneca мен «Спутник-Light» – екеуі бір препарат екендігін дәлелдейтін Қазнетте қазір таралып отырған скриншот, іс жүзінде РФ Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат берген тізілімінің бір бөлігі болып табылады. 
Демек, скриншот Astra-Zeneca және Спутник-Light вакциналары комбинациясының клиникалық зерттеулеріне Ресей Федерациясында ресми түрде рұқсат етілгенінің ғана белгісі. Бұл екі вакцина бірдей екендігі туралы ақпарат кестеде жоқ.
Ғалымдардың Astra-Zeneca және Sputnik-Light вакциналарының комбинациясын сынап жатқандығы туралы БАҚ-та хабарланды. Зерттеулердің алдын ала мәліметтері вакциналардың мұндай комбинациясы күшті иммундық жауап қалыптастыратынын және COVID-19-дан сенімді қорғауды қамтамасыз ете алатындығын көрсетті. 
Astra-Zeneca вакцинасына Еуропада тыйым салынған деген тезис жалған. Бұл препарат әлемнің 134 елінде, соның ішінде Еуропа мемлекеттерінде мақұлданған және қолданылуда. Astra-Zeneca вакцинасы ДДСҰ, Кариб теңізіндегі реттеу жүйесімен және Африка жұмыс тобымен мақұлданған дәрі-дәрмекке жатады.

Осылайша, таратылған скриншот Astra-Zeneca және «Спутник-Light» екеуі бір препарат екенін дәлелдемейді. Бұл осы екі препараттың клиникалық сынақтар аясында бірге сыналғанының белгісі ғана. Astra-Zeneca және «Спутник-Light» вакциналарын әртүрлі компаниялар шығарады және құрамы бойынша ерекшеленеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button