Фейк: «Жаппай вакцинация басталғалы мыңдаған өлім тіркелді»
Қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация басталғалы мыңдаған өлім тіркелгені туралы хабарлама таратуда. Оған тіркелген видеороликте вакциналар тиімді емес, қажетті сынақ кезеңдерінен өтпеген және коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығару мүмкін емес делінген. Мұның барлығы – фейк.
Видеоның түпнұсқасы «Сталинград» YouTube-арнасында жарияланды. Арнада жарияланған басқа бейнелер COVID-19 пандемиясының болуын жоққа шығарады, вакцинациядан бас тартуға және соғысқа дайындалуға шақырады. Жоба сайтында миналанған даламен жүруді, ұрыс кезінде көмек көрсетуді, сөмкені жабдықтау мен әскери оқ-дәрілерді дұрыс таңдауды үйрететін видеолар бөлімі бар.
Қазақстандықтар таратқан видеода химик және COVID-диссидент Елена Кириченко сөз сөйлейді. Ол ММУ қызметкері. Университет сайтында оның бірнеше жұмысы жарияланған, бірақ олардың ешқайсысы Sars-CoV-2 вирусын немесе кез келген басқа коронавирусты зерттеуге арналмаған.
Бұған дейін Елена Кириченко вакцинацияға белсенді түрде қарсылық танытып, COVID-19 қарсы вакциналарды жасап шығару мүмкін емес, ал егу науқаны – геноцид болып табылады деп мәлімдеген болатын.
Елена Кириченко COVID-19 қарсы вакциналардың пайдасыздығын және қауіптілігін дәлелдейтін құжат болып саналатын «Кешенді сараптамалық қорытынды» авторларының бірі. Видеода Елена Кириченко «Сараптамалық қорытындыда» жазылған тезистерге тоқталады. Оның барлығы пандемия кезінде кеңінен тараған және жоққа шығарылған манипуляциялар болып табылады. Атап айтқанда, Елена Кириченко Sars-CoV-2 вирусы оқшауланбаған деп мәлімдейді. Бұл жалған. Бұл геном туралы ақпарат 2020 жылғы қаңтар айынан бері баршаға қолжетімді. Сонымен қатар, Желіде вирустың микроскопен түсірілген суреті де бар.
Сондай-ақ, химик COVID-19 қарсы вакциналар жануарларға клиникаға дейінгі сынақтардан өтпегенін айтады. Бұл жалған. Бүгінгі таңда әлемде қолданылып жатқан барлық вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өткен. Елена Кириченко атап өткен «Спутник-V» вакцинасы әртүрлі зертханалық жануар түрлерінде, соның ішінде приматтардың екі түрінде сыналды. Бұл ретте жануарлар арасында 80-100% өлім байқалған жоқ.
Сонымен қатар, ММУ қызметкерінің сөзінше, коронавирусқа қарсы вакцина жасау әрекеттері сәтсіз аяқталған. Бұл да фактілерге қайшы келеді. SARS коронавирусына қарсы вакциналар әзірленді. Олар клиникалық зерттеулердің сәтсіздігінен емес, қаржыландыру тоқтатылғандықтан адамдарда сыналған жоқ. Бұл туралы толығырақ бұған дейін жазған болатынбыз.
Елена Кириченко «Спутник-V» вакцинасы сынақтардың ең үлкен үшінші кезеңінен өткен жоқ деп мәлімдейді. Бұл жалған. Препарат клиникалық сынақтардың барлық үш кезеңінен өтті. Үшінші кезеңнің нәтижелері ашық түрде жарияланады. Мұндай фейкті де жоққа шығарған едік.
Фейк: «Спутник-V» вакцинасы клиникалық зерттеулердің үш сатысының екеуінен ғана өтті»
Елена Кириченконың SARS-CoV-2-ге қарсы вакцина жасау ғылыми тұрғыдан мүмкін емес деген тезисін алғаш рет дәрігер Павел Воробьев айтқан. Ол бұл вирустың «он алты мың мутациясы» бар екенін алға тартып, олардан ешқандай вакцина қорғай алмайтынын айтты. Іс жүзінде мутацияланған төрт штамм ғана белгілі, сондай- ақ тағы жетеуі зерттеу сатысында. Вакциналар осы штамдарға қарсы тиімді әсер ететінін дәлелдейтін деректер бар.
Бұдан әрі Елена Кириченко вакцинация басталғалы «мыңдаған өлім» тіркелді дейді. Бұл манипуляция. Біріншіден, өлім-жітімнің тіркелуі, марқұмдардың барлығы вакцина салдырудың нәтижесінде қайтыс болды дегеннің белгісі емес, өйткені олардың егілген-егілмегені белгісіз. Екіншіден, сараптамалық қорытындыда келтірілген өлім-жітім мен жанама әсерлер туралы мәліметтер EudraVigilance жүйесінен алынған. Онда пайдаланушылар вакцинаны алғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы пікірлерін қалдырады. Одан әрі сарапшылар туындаған аурудың препаратпен байланысы бар-жоғын анықтайды. Осылайша, жүйедегі хабарламалар да, олардың саны да COVID-19 қарсы вакциналарға жағымсыз реакциялардың даму жиілігінің нақты көрінісін жеткізе алмайды. Сараптамалық қорытындыда мұндай тексерілмеген деректерді пайдалану ақпараттық емес және манипуляция болып табылады.
Мұнымен қоса, Елена Кириченко вакциналар тиімсіз деп айтты. Алайда, ол және оның әріптестері сынақ жүргізу үшін еріктілері жоқ дәрі-дәрмектің тиімділігін қалай бағалағанын нақты түсіндірген жоқ. Дегенмен, қолда бар деректер COVID-19 алдын алуға арналған препараттардың тиімділігінің төмендігі туралы теорияны жоққа шығарады. Бүгінгі таңда халықтың көп бөлігі егілген елдерде КВИ сырқаттанушылық деңгейінің күрт төмендеуі байқалады. Канадада вакцинаны азаматтардың 67.52% алды. Онда сырқаттанушылық статистикасы 80% – ға төмендеді. Ұлыбританияда тұрғындардың 64.93% вакцинацияланған, ауру статистикасы 60% төмендеді. Тұрғындардың 63.98% екпе салдырған Израильде сырқаттанушылық 95.8% – ға азайды.
Елена Кириченко өз сөзінде вакциналар адамдардың ДНҚ-н өзгерте алады деген конспирологиялық және ғылымға қарсы теорияны жеткізді. Бұл неге шындыққа жанаспайтыны туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.
Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды патенттейді»
Сондай-ақ, ол вакцинация нәтижесінде ағза аурудан қорғау үшін қажетті антиденелерді қалыптастыра алмайтындығы туралы баяндады. Алайда, олардың негізінде жасалған барлық патогендер мен вакциналар бірден иммундық жауаптың екі түрін – гуморальды және жасушалық болатындығын айтқан жоқ. Адамда иммунитеттің басқа түрлері жоқ. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз:
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Елена Кириченконың сөзінде сенімді фактілер болған жоқ. Ол бұрын басқа COVID-диссиденттер айтқан танымал мифтер мен манипуляцияларды таратқан. Бұл мәлімдемелер теріске шығарылып, жалған деп танылған.