Fake News

Фейк: «Жаппай чиптеу жобасы 2007 жылы бекітілді»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда Алексей Осиповтың сөйлеген сөзінде бейнероликпен бөлісуде. Оның айтуынша, 2007 жылы барлық планета тұрғындарына қатысты халықты жаппай чиптеу жоспары бекітілген. Бұл фейк.

Алексей Ильич Осипов – православиелік дін маманы, педагог және публицист. Оның техникалық білімі жоқ және компьютерлік технологиялар саласының маманы емес. Ол өз теориясына ешқандай дәлел келтірмегеніне қарамастан, Жер бетіндегі халықты құл етіп, олардың ой-санасын басқаратын халықты жаппай чиптеу туралы көптен бер айтып жүр.
Чиптеу, жалпы бақылау және белгілі бір гаджеттерді енгізу арқылы адамдарды құлға айналдыру туралы қастандық теориялары жаңалық емес. Олар алғаш рет 2000 жылдардың басында тарала бастады. Ол кезде конспирологияны жақтаушылар микрочиптерді «аң белгісі» деп атаған және тері астына құрылғылар енгізуді ақырзаманның басталуының белгісі екеніне сенді. Бүгінде осы сияқты көптеген түпнұсқа басылымдар алынып тасталды, бірақ оларға сілтемелерді кейінгі мақалалардан табуға болады.
Кейіннен, дәлелдердің жоқтығынан теория ұмытылмауы үшін, оны битокинмен байланыстырды. Желі қолданушылары криптовалютадан да «аң белгісін» байқап, жақын арада планетаның барлық тұрғындары оны алып жүретін болады деп болжады.
Әлбетте, бұл нұсқа расталған жоқ және оған деген қызығушылық жоғалды. Бірақ ұзаққа емес. COVID-19 пандемиясы басталғалы конспирологтар жаппай вакцинацияны чиптеумен байланыстырып, бұл құрылғылар адамдарға вакциналар арқылы енгізіледі деп мәлімдеді.
Әлемдік үкіметтің жоспарларына «растау» дін маманы Алексей Осиповтың сөздерінен табылды. Ол, өз кезегінде, Ресей Федерациясы Энергетика өнеркәсібі министрлігінің 2007 жылғы 07 тамыздағы N 311 «Ресейдің электронды өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Стратегиясын бекіту туралы» бұйрығына сүйенеді. 
Онда кіріктірілетін наноқұрылғылар мен заттар интернетіне қатысты болжамдар бар екендігі рас. Құжатта «чиптеу» және «вакцинация» деген сөздер де, шағын импланттарды, адамзатты құлға айналдыру жоспарлары және чиптеу туралы қастандық теориясының басқа компоненттерін жедел әзірлеу туралы бұйрықтар да жоқ.
Бүгінгі таңда Осипов пен оның жақтастары айтқан технологиялар әлемде жоқ. Текше түріндегі ең кішкентай чиптің жалпы көлемі 0,1 текше миллиметрден аз, оны құмның мөлшерімен салыстыруға болады. Яғни, мұндай құрылғы көзге көрінеді, яғни оны жасырын түрде енгізу өте қиын. Сонымен қатар, бұл чип адамдарда сыналмады және әлі де болса барлық қажетті клиникалық сынақтардан өткен жоқ. Әзірлеушілердің айтуынша, ол температураны өлшей алады, бірақ болашақта қан қысымын, қанның оттегімен қанығуын, глюкоза деңгейін және басқа да медициналық көрсеткіштерді бақылау мүмкіндігіне ие болады. Құрылғыда GPS таратқышы жоқ, яғни ол иесінің қозғалысын бақылай алмайды. Сондай-ақ, бұл чип адамның ақыл-ойын басқара алмайды.
Адамдарды чиптеу және осы құбылысқа қатысты мифтер туралы толығырақ бұған дейін жазған болатынбыз. Бүгінде адамдардың миниатюралық құрылғыны тері астына енгізе алатыны рас, бірақ бұл ерікті түрде жүргізіледі, чиптің көлемі күріш дәніндей, ал оның функционалдығы өте шектеулі.

Адамдарды чиптеу: шынайылық пен қиял

Қорыта айтқанда, адамзатты құлға айналдыру үшін адамдарды құпия және мәжбүрлі чиптеу туралы нұсқалар ескі қастандық теориясынан шыққан. Жиырма жылға жуық уақыт ішінде ол расталмады. Дін маманы Алексей Осипов компьютер немесе нанотехнология саласының сарапшысы емес, сондықтан оның пікірін осы салаларда сарапшылық деп санауға болмайды. Ол сүйенген құжатта әңгіме нанотехнологияларды, заттар интернетін және жалпы ІТ – саланы дамыту туралы жазылған. Онда адамдарды чиптеу және құлдықта ұстау туралы айтылмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button