Fake News

Фейк: «Әйелдердің қатысуынсыз бала көтеру әдісі ойлап табылды»

Әлеуметтік желілерде глобалистер бала көтерудің табиғи әдісін жасанды әдіспен алмастыруды ойластырғаны туралы видео тарады. Ол үшін жасанды жатырдың көмегімен көп жылдар бойы нәрестелер адам денесінен тыс өсіріліп келеді еен. Бұл фейк.


Роликтің стоп кадрында ақ халатына қарап, дәрігер ойлап қалуға болатын әйел көрсетілген. Ол қолын нәресте жатқан сыйымдылыққа қояды. Бұл кадрлар әлеуметтік желілерде нәрестелерді жасанды жатырда осылай клондайды деген жалған мәлімдемемен тарады.
Бұл видеоның авторы – Мариан Каролина Росси. Ол AFP ақпарат агенттігіне видеода амниотикалық қапшықта босану жағдайы модельдегенін, ол үшін пластик пакет қолданялғанын айтты.
«Бұл АСМР – видео босану процесін имитациялауға арналған. Бұл адамның клоны емес, бұл шынайы болып көрінетін қуыршақ. Мен оны дүкеннен сатып алдым», – деді видео авторы.
Ғалымдар жасанды жатыр жасамақ, бірақ адам эмбриондарын өсіру үшін емес. Бұл технология шала туған нәрестелерді көтеру үшін қажет.
Адамды клондау мүмкін емес. Қазіргі уақытта біреулердің адам эмбриондарын клондағанына нақты ғылыми дәлелдер жоқ.
1998 жылы Оңтүстік Корея ғалымдары адам эмбрионын сәтті клондағанын мәлімдеді, бірақ эксперимент өте ерте кезеңде клон тек төрт жасушадан ғана тұрғанда тоқтатылған. 2002 жылы адамдарды өзгеғаламшарлықтар жасаған деген пікірді ұстанатын діни топқа кіретін Clonaid компаниясы баспасөз конференциясын өткізіп, Ева есімді алғашқы клондалған қыздың дүниеге келгенін жария етеді. Зерттеу қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының сұрауларына қарамастан, Clonaid осы немесе олар жасаған басқа 12 адам клонның бар екенін растайтын дәлелдер келтірген жоқ.
2004 жылы Оңтүстік Кореядағы Сеул ұлттық университетінің У-Сук Хван бастаған топ Science журналында түтікшеде клондалған адам эмбрионын жасадық деп мәлімдеген мақала жариялады. Алайда, кейін тәуелсіз ғылыми комитет бұл тұжырымды растайтын дәлелдер таппады, ал 2006 жылдың қаңтарында Science журналы Хванның мақаласы кері қайтарылды деп жазды.

2017 жылы Филадельфия балалар ауруханасы Nature Communications журналында қозыларды көтеруге арналған биоқап жасағаны туралы мәлімдейді. Аналық қойлар табиғи жолмен ұрықтандырылған, бірақ жануарлар түсік тастаған. Биопакет қозыларды аман алып қалуға мүмкіндік берді. Ғалымдардың айтуынша, жануарлар жасанды құрсақта 4 аптаға дейін жатқан. Айта кетейік, қойлар акушерлік зерттеулерде жиі қолданылады. Жануарларда жүктілік ұзаққа созылады, ал туған қозы көлемі жағынан адам баласындай.
Израиль, Қытай, Нидерланд елдерінің ғалымдары жануарларды өсіру үшін жасанды құрсақ жасауға тырысқан. Бірақ эксперимент қойлармен ғана шектелді, өйткені этикалық және заңды мәселелер әлі де бар. Әлемде адам эмбриондарын қолданатын зерттеулерге тыйым салынады. Демек, дүниежүзінде нәрестелерді қолдан жасалған амниотикалық қапшықта көтеруге мүмкіндік беретін технология жоқ.
Олай болса, әлеуметтік желілерде балаларды жасанды жатырда өсіру туралы таралған ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button