Күлкілі блокнотты «балалардың санасын бағдарламалайтын» жазу дәптері деп ойлаған
Қазнет қолданушыларына карантин мен өзін-өзі оқшаулау тақырыбына арналған күлкілі блокнот ұнаған жоқ. Жазу дәптерін фотоға түсірген хабарлама авторының айтуынша, бұл «балаларға арналған жазу дәптері», оқушылар пандемия туралы сөз тіркестерін он рет жазуы тиіс, осылайша олардың санасы «бағдарламаланады».
Шын мәнінде, мұндай «жазу дәптерлері» қазақстандық мектептерде де, басқа білім беру мекемелерінде де қолданылмайды, олар көбіне ересектерге арналған. Оны қойын дәптер немесе бірегей кәдесый ретінде пайдалануға болады.
Қызықты блокноттарды ресейлік ArtFox компаниясы шығарады. Күнделіктің парақтары қиғаш сызықты мектеп дәптеріне ұқсайды. Әр беттің жоғары жағында пандемия және өзін-өзі оқшаулау тақырыбына арналған күлкілі тіркестер жазылған. Мұқабасының да бірнеше түрі бар – кейбірінде медициналық маска таққан панда, басқаларында билеп тұрған авокадо бейнеленген.
Бірақ басылған сөздерді бірнеше рет көшіріп жазу туралы ұсыныс та, блокноттың оқулық ретінде пайдалануға ұсынылатыны туралы ақпарат та, қойын дәптердің өзінде де, өнімнің интернет-дүкендердегі сипаттамасында да жоқ.
Демек, жаңа «жазу дәптерінің» мақсаты туралы мәлімдеме – хабарлама авторының ойдан шығарғаны.