Фейк: «Климаттың өзгеруі – бұл пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстарын тоқтату үшін жасалған мистификация»
Желіде Greenpeace негізін қалаушылардың бірі Патрик Мур БҰҰ және Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб тарапынан мистификациялар жасалғаны туралы ақпарат тарады. Олар әлемді қазба отындарын өндіруді тоқтатуға және «жасыл технологияға» көшуге көндіру үшін климаттың өзгеруін ойлап тапқан екен.
Бұл рас па? Тексерейік.
Біріншіден, Патрик Мур Greenpeace негізін қалаушыларының бірі емес. Ол 1981 жылдан 1986 жылға дейін ұйымның канадалық филиалын басқарған, бірақ оны құрмаған.
Екіншіден, Мур Greenpeace-тен кеткеннен кейін ол көмір өндіретін компаниялармен, ағаш өңдеу өндірістерімен, сондай-ақ химиялық және аквамәдениет кәсіпорындарымен жұмыс істеген. Мұндай мансап Мурға табиғи ресурстарды пайдалануды насихаттау өте тиімді екенін көрсетеді, өйткені, сайып келгенде, ол бұл үшін ақша алады.
Үшіншіден, таралған хабарламада Мур БҰҰ мен Клаус Шваб ақыр соңында Жер халқын қысқартпақ деп мәлімдеді. Бұл жалған. Бұл дәйексөз алынған видеода Патрик Мур белгісіз бір подкастта немесе радио шоуда сөз сөйлеп жатыр. Мұны Мур мен бағдарлама жүргізушісінің алдында тұрған құлаққаптар мен микрофондардан байқауға болады. Мур қазба отынынан бас тартпау туралы монологын аяқтағаннан кейін, жүргізуші БҰҰ, Клаус Шваб және халықтың азаюы туралы айтады. Мур бұл туралы ештеңе айтпайды.
Төртіншіден, жаһандық жылыну мистификация да, гипотеза да емес, бұл ғылыми дәлелденген факт. Оны мұздықтардың еруі, атмосферадағы СО2 концентрациясының артуы және Жердегі орташа температураның көтерілуі дәлелдейді.
Қорытындылай келе, біріншіден, Патрик Мур БҰҰ мен Клаус Шваб Жер халқын азайту үшін климаттың өзгеруін ойлап тапты деп айтпаған. Екіншіден, жаһандық жылыну – бұл мистификация емес, бәріміз қазір өмір сүріп жатқан шынайылық.
Демек, таралған ақпарат – фейк, оған сенудің қажеті жоқ.