Тарих

Фейк: «Испан тұмауы пандемиясын Билл Гейсттің атасы шығарған»

Танымал Telegram чаттарының қатысушылары Micrisoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтстің атасы 1918 жылы испан тұмауы пандемиясын бастады деген теорияны алға тартуда. Ол жылқылардан алынған сарысуды менингитке қарсы вакцина деп үш дозасын сарбаздарға салған. Мұның бәрі өтірік.

Бұл теорияны рет-ретімен талдайық.
Фредерик Л. Гейтс есімді адам Билл Гейтстің атасы емес. Олар – аттас. Билл Гейтстің әкесі – үлкен Билл Гейтс және ол 1925 жылы туған. Фредерик Л. Гейтстің мұндай есімді және сол жылы туған ұлы болмаған. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, оның бес баласы болған: екі ұл және үш қыз. Ұлдарының есімдері Оклотт пен Фредерик Тейлор. Олар сәйкесінше 1919 және 1923 жылдары дүниеге келген.
Фредерик Л. Гейтс дәрігер болған және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға дәрі-дәрмек жеткізген. Алайда, сарбаздарға бактериялық менингитке қарсы вакцинаның үш дозасын салуы екіталай. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарбаздар шешек пен іш сүзегіне ғана қарсы егілген. Ол кезде менингококк инфекциясына қарсы вакцина әлі болмаған. А/С менингококктарының серогруппаларына қарсы алғашқы полисахаридтік вакцина 1969 жылы ғана ойлап табылды. 
Испан тұмауы пандемиясы сарбаздарды вакцинациялаудан емес, H1N1 вирусының пайда болуынан басталғаны ғылыми дәлелденген. 2005 жылы ғалымдар зертханалық жағдайда патогенді қалпына келтіріп, оның ауру қоздырғышы болғанын дәлелдеді. 
Қорыта айтқанда, Қазнетте таралған хабарлама өтірік. Фредерик Л. Гейст Билл Гейтстің атасы емес. Ол 1918 жылы сарбаздарға менингококк инфекциясына қарсы екпе салмаған және испан тұмауы пандемиясының басталуына себеп болмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button