Тарих

Фейк: «300 жыл бұрын электр қуаты ауа арқылы берілген»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда 300 жыл бұрын электр энергиясы ішінде катушкалары бар алып бағаналардың көмегімен ауа арқылы берілгені туралы ақпарат тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, кейінірек бұл технологияға тыйым салынды және оны қолданудың барлық іздері жойылды. Бұл олай емес.

Теорияның «растау» үшін ақпаратқа 1874 жылғы газеттен алынған суреттері тіркелген. Онда Сан-Францискода Әулие Игнатий колледжінде электр жарықтандыру жүйесі орнатылғандығы айтылған.

Фотода фрагменті ұсынылған газеттің цифрланған нұсқасы табылмады, демек, оның қай жылы шыққанын анықтау мүмкін емес.

Оның үстіне Әулие Игнатий колледжінің ресми сайтында оқу орнының тарихына арналған мақала жарияланған. Онда Сан-Францискодағы алғашқы электр жарығы колледж ғимаратында пайда болғандығы жазылған. Профессорлардың бірі электр қуатымен жұмыс істейтін өзінің жарықтандыру жүйесін жасап, оны дәрістерінде қолданған. Бұл 1869 жылы болды. Бұл сымды жүйе және электр қуаты ауа арқылы берілмеген.

Сондай-ақ 1869 жылы Әулие Игнатий колледжінде жарықтандыру үшін әдеттегі электр шамдары қолданылмағанын атап өткен жөн. Оларды 1878 жылы Томас Эдисон ойлап тапқан. Екі жылдан кейін олар жаппай сатылымға шығарыла бастады – 1880. Сондай-ақ бұл құрылғылар электр қуатын тікелей ауадан алмаған, сымдармен қосу арқылы жұмыс істеген.

Сымсыз электр қуатын беру идеясын әйгілі физик Николе Тесла ұсынған. 1900 жылдардың басында ол ағаш пен болаттан биік бағаналар салған, оның теориясына сәйкес, олар электр энергиясын сымсыз бере алады. Идея әлемде кем дегенде 30 осындай бағана салып, барлығын электр қуатымен қамтамасыз етуге негізделді. Алайда, біріншіден, Теслаға қаржы берілмеді және ол электр қуатын ауа арқылы беру туралы өз болжамдарын растай алмады. Екіншіден, есептеулер бойынша, бір бағанадан басқасына заряд жіберу үшін электр қуаты көп көлемде қажет болатындықтан мұндай жүйе тиіміз әрі мүмкін емес болып шықты. Яғни, мұндай жүйе қамтамасыз еткенен гөрі артық электр энергиясын қажет етеді.

Демек, электр энергиясын ауа арқылы беру идеясы идея болып қалды. Мұндай технология ешқашан болған емес, әсіресе 300 жыл бұрын. Мұны адамдардан жасырудың ешқандай мәні жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button