Конспирология

Фейк: «1 қарашада ядролық жарылыс сахналанатын болады»

Telegram мессенджерінде қорқынышты хабарламалар тарады. Пайдаланушылар 2022 жылдың 1 қарашасында голограмма арқылы ядролық жарылыс сахналанатыны туралы роликпен бөлісуде. Бұл – конспирология.

Алдымен видеоны дыбыстаған адамның ешқандай дәлел келтірмейтінін атап өткен жөн. Яғни, оның апат қойылымы болатыны туралы сөздерін тексеру де, дәлелдеу де мүмкін емес.
Сондай-ақ жарылысты не үшін сахналау керектігі де түсініксіз.
Сонымен қатар ядролық саңырауқұлақ көлеміндей голограмма жасау мүмкін емес. Бұл үшін арнайы жабдық қажет, ал оның бірден байқалатыны белгілі.
Қазіргі голограммалардың көбі қисық экрандар, айна жүйелері, созылған ұсақ торлар немесе су тамшылары есебінен жасалады.
Аталған заттарсыз жасалатын голограммалар былтыр, 2021 жылы пайда болды. Технологияны америкалық Light Field Lab компаниясы әзірлеген. Алайда, біріншіден, жоба әлі кеңінен қолданылмайды, екіншіден, мұндай голограмманы жасау үшін арнайы бейне қабырға панельдері, графикалық процессорлар, плагиндер және арнайы бағдарламалық жасақтама қажет. Бұл жағдайда ядролық саңырауқұлақ голограммасын жасау үшін бейне қабырға панелі саңырауқұлақтың өзінен үлкен болуы керек. Әлбетте, оны алыстан байқауға болады және мұндай ерекше жабдықты орнатудан көп сұрақ туады.
Яғни, қазіргі технологиялармен жабдықтарсыз ауқымды шынайы голограммалар жасау мүмкін емес.
Демек, 1 қарашада ядролық жарылыс сахналанатын болады деген теориялар конспирологиялық және шындыққа жанаспайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button