Fake News

Ұйықтатылатын қызметтік овчаркалар туралы хабарлама – ескі фейк

WhatsApp мессенджерінде қолданушылар әскери бөлімнің жабылуына байланысты 20 қызметтік ит ұқйытатылатыны туралы хабарлама таратуда. Жануарларды жақсы адамдардың қолына тегін беру ұсынылады. Бұл – ескі фейк.


Жақын арада өлтірілетін иттер туралы ақпарат Ресейде кемінде 2013 жылы, ал кейбір мәліметтер бойынша, оған дейін тараған. 
Алайда, ұйықтатылатын қызметтік иттердің шын бар екендігіне ешқандай дәлел болған жоқ. Оның үстіне, хабарламада фейктің басты белгілерінің бірі бар – онда сипатталған оқиғалар орын алған мерзім де, орын да көрсетілмеген.
2016 жылы иттер оқиғасы Қазнет пайдаланушылары арасында кеңінен тарады. Ол кезде оны ҚР ІІМ жоққа шығарды.

– Сол кезден бері хабарламадағы телефондар да, есімдер де өзгермеген. Қала коды мен ұялы байланыс операторлары ғана ауысады. Бұл хабарламада алаяқтық белгілері байқалмайды. Әлеуметтік желілерде осындай ақпараттың таралуына байланысты сенімді дереккөздерге жүгіну қажеттігін еске саламыз. Сондай-ақ, күмәнді дереккөздерден алынған ақпаратты өз таныстарыңызға одан әрі таратпауға кеңес береміз», – деп мәлімдеді ведомстводан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button