Fake News

Фейк: «TIME журналы 1970 жылдары жаһандық суытуды болжады»

Қастандық теориясын жақтаушылар өз көзқарастарының тағы бір «дәлелін» тапты. Олардың пікірінше, жаһандық жылыну ойдан шығарылған. Олардың сөзінің «шын екені» TIME журналының 1970 жылдардағы мұқабаларымен дәлелденуде, оларда жаһандық жылыну емес, суыту деп жазылған. Журналдарда шын мәнінде не туралы айтылған, түсіндіріп өтейік.

Хабарламаға TIME журналының 1973 жылғы желтоқсандағы, 1977 жылғы қаңтардағы, 1977 жылғы сәуірдегі және 1979 жылғы желтоқсандағы төрт мұқабасы тіркелген. Олардың әрқайсысын талдап көрейік.
Журналдың 1973 жылғы 3 желтоқсандағы мұқабасы – шын. Алайда, журнал санында жаһандық суыту туралы емес, отын тапшылығы, оның ішінде тұрғын үйлерді жылыту үшін де тапшы екені туралы айтылады. Журналды да, толық мақаланы да TIME журналының сайтынан оқуға болады.
1977 жылғы 31 қаңтардағы шығарылым да рас. Оның мұқабасында The Big Freeze (Үлкен мұздату – ағылш.) деп жазылған. Алайда, бұл мақала да климаттың жаһандық өзгеруіне емес, отын мәселесіне арналған.
Мұқабасында пингвиннің суреті бар және «Алдағы мұз дәуірінен қалай өткізу керек» тақырыбы жазылған журнал 1977 жылы сәуірде шыққан жоқ. TIME журналы мұндай мұқабамен ешқашан шығарылмаған. Хабарламаға тіркелген фотосурет графикалық редакторларда жасалған. Пингвин журналдың 2007 жылғы 9 сәуірде санының мұқабасында бейнеленген, ал суреттің астындағы тақырып мынадай болды: «Жаһандық жылыну жағдайында өмір сүру жөніндегі нұсқаулық». Желіде таралған жаңа мұз дәуірі туралы жазылған мұқабаның фотосуреті фейк екенін TIME редакциясының өзі де растады. 
1979 жылғы 24 желтоқсанда шыққан төртінші мұқаба да шын. «Салқындап бара жатқан Америка» мақаласында тұрғын үйлерді жылыту, ағаш жетіспеушілігі және отынның басқа түрлерінің қымбаттауы туралы айтылған. Мақалада климаттық үрдістер туралы ештеңе жазылмаған. 
Демек, TIME журналының таратылған топтамадағы бірде-бір мұқабасы басылымның бұған дейін жаһандық суыту идеяларын белсенді түрде насихаттағаны, ал қазір жаһандық жылыну туралы айта бастағаны туралы теорияны дәлелдемейді.
Таратылған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button