Фейк: «Химтрейлдің бар екендігін дәлелдейтін сертификат жарияланды»
Қолданушылар әлеуметтік желілерде ұшақтар шашқан заттарға жүргізілген талдау құжаттарымен бөлісуде. Бұл Желіде бір жылдан астам уақыттан бері тарап жатқан ескі фейк.
Бұл құжаттың химтрейлдер теориясын дәлелдемейтіні туралы біз 2020 жылы қараша айында жазған болатынбыз. Түпнұсқа құжатта химтрейлдер туралы айтылмаған. Бұл швейцариялық белсенді ашық аспан астындағы джакузиде жиналған жаңбыр суына жүргізген талдау болып табылады.
Талдау жасаған зертхананың хабарлауынша, талдау қорытындысына су үлгісіне түсіп кеткен топырақ пен шаң, джакузи жабынының элементтері әсер еткен болуы мүмкін.
«Сертификатпен» бірге таратылып жатқан жинақтағы басқа суреттерде ұшып өткен ұшақтардан қалған конденсациялық іздер бейнеленген. Конденсациялық іздердің түрлері мен себептері туралы толық ақпаратты арнайы порталдан табуға болады contrailscience.com.
Sars-CoV-2 вирусы жоқ, ал аурудың туындауына ұшақтар шашқан химиялық заттар себеп болатыны туралы теория конспирологиялық болып табылады. Оны фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
Химтрейлдер теориясының ешқандай дәлелі жоқ екендігі туралы біз бұған дейін де жазған болатынбыз.
Демек, әлеуметтік желілерде тараған «сертификат» химтрейлдер теориясын дәлелдемейді, бұл джакузиде жиналған жаңбыр суын талдау нәтижелері көрсетілген бланк. Постта келтірілген теориялар конспирологиялық болып табылады және ешқандай дәлеллері жоқ.