Фейк: «Жер халқының саны ресми ақпарат көздері хабарлағаннан әлдеқайда аз»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған видеода кәсіпкер Герман Стерлигов Жер халқы туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, әлемде ресми ақпарат көздері хабарлағандай сегіз миллиард емес, 3,5 миллиардтан астам адам тұрады. Мұндай мәлімдемелер ойға қонымсыз.
Жер халқының саны бірден бірнеше ақпарат көзін пайдалана отырып есептеледі. Олардың негізгілері – халық санағының деректері, сондай-ақ туу мен өлім статистикасы. Сонымен қатар, БҰҰ, ДДҰ, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдар өз деректерін ұсынады.
Планета тұрғындарының санын көбейте отырып, адамдарды алдау мағынасыз. Мамандардың болжамы бойынша, бүгінгі таңда бар трендтерді ескерсек, халықтың өсуі жақын арада баяулайды, тіпті болашақта құлдырайды да. Ең дамыған елдерде бұл құбылыс қазірдің өзінде байқалуда.
Алайда, видеода айтылған тезистерге назар аударған жөн. Кадрдағы Герман Стерлигов планета халқының саны сегіз миллиардтан әлдеқайда аз дейді, өйткені ірі қалалардан тыс жерде ешкім тұрмайды. Біріншіден, бұл олай емес екені анық. Елдердің басым көпшілігінде, кейде ғана болмағанын айтпағанда, адамдар тұратын шағын қалалар, ауылдар бар. Екіншіден, ролик кейіпкері халықтың саны емес, оның тығыздығы туралы айтады. Бұл әртүрлі көрсеткіштер, олар айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін және бір-біріне қайшы келмейді. Мәселен, халықтың саны – бұл белгілі бір аймақта тұратын адамдардың жалпы саны. Халықтың тығыздығы -бұл белгілі бір аумақтың халқының саны, яғни аудан бірлігіне, мысалы, шаршы шақырымға шаққандағы тұрақты қоныстанушылар саны. Мысал ретінде Қазақстан мен Бейжің халқын келтіріп өтуге болады. Елімізде 2023 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша, 19 832 737 адам тұрады. Бұл ретте мұндағы халықтың тығыздығы бір шаршы метрге шаққанда 7,20 адамға тең. Бейжіңде 20 миллионнан астам адам тұрады, бұл Қазақстан халқымен тең. Алайда, ондағы халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымға шаққанда 4600 адамды құрайды.
Яғни, Қазақстанда халықтың тығыздығы бірнеше есе төмен болса да, ел халқының саны Бейжіңге қарағанда бірнеше есе аз дегенді білдірмейді.
Сондай-ақ осы сияқты үрдіске Австралия материгі мысал бола алады. Орталық бөліктері толығымен шөлді – ондағы климат пен табиғи жағдайлар өте қатал. Бірақ материктің жағалау аймақтары өте тығыз қоныстанған. Яғни, материктің шөлді бөлігіне ғана барып, бүкіл Австралияның халқы туралы қорытынды жасау дұрыс емес.
Видеода айтылған болжалды есептеулерге назар аударайық – ролик кейіпкерінің айтуынша, әлемде небәрі 3,5 миллиард адам өмір сүреді. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Егер әлемдегі ең көп қоныстанған он бір қаланың халқын алып, қосатын болсақ, онда бұл көрсеткіштің өзі 3,5 миллиардтан асады. Мысалы, Токио мен Делиде шамамен 66 миллион 800 мың адам тұрады. Егер бұған Шанхай, Сан-Паулу, Мехико, Каир, Даки, Мумбай және басқа да мегаполистердің тұрғындарын қоссаңыз, онда көрсеткіш 3,5 миллиардтан асады.
Мұның бәрі видеодағы ер адамның пікірі дұрыс емес екенін көрсетеді. Жер халқының санын асыра айтып, адамдарды аладйды дегенге сенуге негіз жоқ.