Fake News

Фейк: «Ауаны талдау химтрейлдер теориясын дәлелдеді»

Қазақстандықтар желіде Германияда жүргізілген «ауаны талдау нәтижелерімен» бөлісуде. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, ол ауада улы заттарды шашу туралы теорияны дәлелдейді, өйткені ұсынылған кестеде кейбір металдардың мәні жоғары. Бұл фейк.

Желіде жүрген құжат – 2014 жылы Interlabor BELP AG зертханасында жүргізілген зерттеу нәтижелерінің өзгертілген нысаны. Түпнұсқада «Химтрейлдерді талдау. Алюминий мөлшері 10 000 асып кетті!» (“Chemtrails Analysis. Der Aluminium Wert – 10 000 Fach zu Hoch!”) сияқты тақырып болмаған.

Зерттеулер швейцариялық белсендінің тапсырысы бойынша жеке жүргізілді. Зерттеуге арналған материал ауа емес, ашық аспан астында орнатылған джакузиден жиналған жаңбыр суы болды.

Бір қызығы, ол үлгілерді өз бетінше жинаған. Демек, түтіктердің стерильділігі мен таладу алу әдісінің дұрыстығы бұзылуы мүмкін. Нәтижелер көрсетілген бланктің суреті тарап кеткеннен кейін бұл туралы зертхананың өзі мәлімдеді.

Джакузи ашық аспан астында жерде орналасқанын, сондай-ақ судың жаңбырдан кейін жиналғанын ескерсе, үлгілерге топырақ пен шаң бөлшектері енуі мүмкін. Бұдан басқа, джакузидің жабынының бөлшектері де жиналған суға түсуі ықтимал.

Швейцарияда топырақ пен ағынды сулардың үлгілерінің құрамында металдар мен улы заттардың болуы үнемі зерттеледі. Атап айтқанда, олардан алтын, никель, тантал, германий, ниобий, титан және басқа металдар табылады. Бұл дамыған өнеркәсіпке және елдегі тау сілемдерінің көптігіне байланысты. Алайда, 2014 жылы да, талдау жүргізілген кезде де, одан кейін де топырақ пен судағы металдардың рұқсат етілген нормаларынан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Химтрэйл теориясы жаңа теория емес екенін атап өткеніміз жөн. Оның пайда болуына 1996 жылы АҚШ-тың ӘӘК жариялаған «Weather as a Force Multiplier: Weather in 2025» мақаласы түрткі болды. Бастапқыда теорияны жақтаушылар ұшақтардың көмегімен ауа райын бақыланады деп сенді, кейіннен ұшақтар зиянды заттар шашады деген пікір тарады.

COVID-19 пандемиясы басталғанда оның бір нұсқасы шықты – вирусты аспаннан «шашады». Теорияның отыз жылдан астам тарихына қарамастан, оны ешкім растай алмады. Алайда, осы уақыт ішінде көптеген пікірлер айтылды. Конспирология жақтаушылар ұшақтардың конденсациялық іздерін, ерекше пішінді бұлттарды немесе үлкен орман өрттері кезінде ұшақтардан шашылатын жалынды басатын қоспаларды химиотрассалар деп санайды. 
 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button