Fake News

Беларусь елінде жалған ақпарат таратқан үшін қалай жазалайды

Заң

Кейбір посткеңестік кеңістіктегі елдерге қарағанда Беларусь Республикасының заңнамасында нақты фейк жаңалықтарды таратқан үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Бірақ жала жабу, қорлау және адамның абыройына және намысына тиетін мәліметтер үшін қолданылатын жазалар бар (БР ҚК 188-б, 189-б.).

Сонымен қатар, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды бұзған үшін қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және басқа да жауапкершілік қарастырылған (БР «БАҚ туралы» заң, 48-б.).

2018 жылдың тамызынан бастап Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 22.9-бабының 3.1 және 3.2. тармақтары бойынша ұйғарымдар күшіне енді.

 

Айыппұлдар

Беларусь Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, көрінеу жалған ақпарат, басқа тұлғаның ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқан (жала жабу) үшін айыппұлдан өзге, қамауға алу немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу қарастырылған. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткені (қорлау) үшін де тиісті жазалар көзделген.

Беларусь Республикасының БАҚ туралы заңымен және ӘҚБтК белгіленген айыппұл санкциялары 20-200 базалық шаманы (1 БШ 27 рубльге тең, яғни 30 мың теңгеден астам) құрайды.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына немесе олардың мүлкіне зиян келтіретін қатерді электрондық ресурстарда жариялау да қылмыстық жазаға әкеп соғады. Мұндай іс-әрекеттер үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі максималды жаза қолданылады.

Коронавирус жайлы фейктер

Күллі әлем COVID-19 таралуына байланысты ақпаратқа құлақ түріп отыр. Кез келген жалған ақпарат қоғамға да, мемлекетке де кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарына да, өзге де интернет пайдаланушыларға коронавирус туралы қауесеттер таратуға тыйым салынуда. Беларусь елінің билігі де халықты тек ресми дереккөздерге ғана жүгініп, фейк жаңалықтарға сенбеуге шақырады.

Мысалы, үстіміздегі жылдың ақпан айында хакерлер БР Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерінің электронды поштасын бұзып, жалған ақпарат таратқан. Тергеу комитеті БР ҚК 349-бабы «Компьютерлік ақпаратқа заңсыз қолжеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында қаскүнемдердің поштаны бұзып, зиянды бағдарламалық қамсыздандыруға сілтемелері бар хабарлама таратқаны анықталды.

Бұдан басқа, media-polesye.by желілік басылымына коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазбаша ескерту шығарылды.

2020 жылдың 4 сәуірінде басылым өз парақшасында COVID-19 тапсырылған талдаудың нәтижесі оң болып шыққан тұрғын туралы жазған.

«Лунинецк ауданының тұрғыны тапсырған тест оның коронавирус жұқтырғанын растады. Ол қазір Минск қаласында, жергілікті ауруханада оның күйеуі көз жұмған», – делінген хабарламада.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button