Fake News

Фейк: «АЭС Балқашта салынса, көл жойылып кетеді»

Қазнет пайдаланушылары Балқаш көлінде АЭС салу ықтималдылығына қатысты алаңдаушылық білдіруде. Кейбір адамдардың пікірінше, бұл көлдің жойылуына және экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Бұл жаңсақ пікір, неге екенін түсіндірейік.


Су атом электр станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін қажет. Сондықтан олар су қоймаларының жағасында салынады. Дегенмен, АЭС акваторияға зиян келтірмейді және өзендер мен көлдердің таяздануына ықпал етпейді.
Қазіргі заманғы атом электр станцияларында екі тізбекті жүйе қолданылады: біріншісі, реактордан су айналатын тұйық тізбек, ондағы су сорғылардың көмегімен айналып тұрады. Бірінші тізбектегі жылу екінші тізбектегі суға беріледі, ол бірден қайнап, буға айналады және турбинаны айналдырады. Айналмалы қозғалыс турбинаның жалпы білігіне орнатылған генераторда электр энергиясын өндіреді. Турбинадан шыққан бу салқындатқышқа түсіп, қайтадан сұйық күйге айналады.
Бірінші тізбектегі су екінші тізбектегі сумен мүлдем байланыспайтынын атап өткеніміз жөн, бұл АЭС-тің қауіпсіз жұмысына оң әсер етеді және соңғы сіңіргішке құйылған судың радиоактивті ластануына мүмкіндік бермейді. 
Жылу электр станцияларына қарағанда, атом электр станциясының жұмысына су аз қажет. Қуаты 700мвт жылу электр станциясы конденсаторларды салқындату үшін 300 м3/с су пайдаланады. Сонымен қатар, қуаттылығы 900 МВт болатын АЭС тек 40 м3/с су жұмсайды. Демек, су қоймасының жағасында салынған АЭС су деңгейіні төмендеуіне әкелмейді, оны құрғатпайды. 

АЭС-ті су қоймаларының жағасында салу экология үшін қауіпсіз екенін атом электр станцияларының орналасу картасы да растайды. Олардың барлығы дерлік өзендер, көлдер, теңіздер немесе мұхиттардың жағасында орналасқан. Бұл ретте олардың көбі ірі және біраз жылдан бері тұр. АЭС орналасқан аудандардағы экологиялық жағдай тұрақты болып қалады және нашарламайды. 
Бүгінгі күні әлі де жұмыс істеп тұрған әлемдегі ең ескі АЭС Швейцариядағы Бецнау болып саналады. Ол 1969 жылы іске қосылды және әлі де болса электр энергиясын өндіреді. Айта кетейік, Бецнау Аре өзенінде, Рейн өзенінің сол жақ тармағында орналасқан. Су қоймасында зиянды заттардың немесе радиоактивті қалдықтардың жоғары концентрациясы анықталған жоқ. Сонымен қатар, өзеннің өзі және оның айналасы туристер арасында танымал орын болып табылады. Онда экскурсиялар мен рафтинг жарыстары өткізіледі.


Су қоймаларының жанында АЭС салу балық пен суда тіршілік ететін жандардың жойылуына әкелмейді. Мысалы, Ресейдің кейбір аймақтарында АЭС су қоймаларында жыл сайын балық аулау бойынша жарыстар ұйымдастырылады. 2013 жылы Калинин АЭС салқындатқышы Удомель көлінде қалқымалы балық аулау бойынша чемпионат өтті.
Қорыта айтқанда, әлемде өзендер, көлдер, теңіздер мен мұхиттардың жағасында салынған АЭС-тер акваторияға, флора мен фаунаға зиян келтірмей, қауіпсіз жұмыс істеп тұр, ал қауіпсіздіктің жаңа пассивті технологиялары ірі апаттардың алдын алады. Демек, Балқаш көлінің жойылып кетуіне қатысты алаңдаушылық негізсіз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button