Фейк: «КВИ-ге қарсы барлық вакциналар құрамы жағынан бірдей және улы»
Вакцинацияға қарсы қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы барлық вакциналардың құрамы бірдей және іс жүзінде аурулардың алдын алу құралы емес, қауіпті у болып табылады деп мәлімдеуде. Бұл жалған.
Біріншіден, қазіргі кезде қолданылып жатқан COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы баршаға қолжетімді.
Онымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac.
Бұл препараттардағы белсенді және қосалқы заттардың әртүрлі екенін дәлелдейді.
Екіншіден, қолдануға рұқсат етілген бірде-бір вакцинаның құрамында улы заттар жоқ. КВИ-ге қарсы иммундауға арналған препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
AstraZeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac.
Демек, КВИ- ге қарсы вакциналар улы болып табылады және құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленбейді деген пікірлер негізсіз және фактілерге қайшы келеді.