Fake News

Фейк: COVID-19 қарсы вакциналар әйелдерде түсік тастауға және ерлерде бедеулікке әкелуі мүмкін

Әлеуметтік желілерде коронавирусқа қарсы вакциналар ерлердің фертильділігіне және түсік тастауға ықпал етуі мүмкін деген ақпарат таратылуда. Бұл жалған.

Мұндай хабарламалар 2020 жылдың қараша айында маска мен әлеуметтік қашықтықты сақтаудың пайдасыздығы туралы мәлімдеме жасаған канадалық дәрігер Роджер Ходкинсонның сөзінен кейін шықты.

Бұл жолы білім беру патологы Ходкинсон ғалымдарда «вакцинаның жабысқақ ақуыздары плацентада да, ұрықта да көрінетініне» жеткілікті дәлелдер бар деп хабарлады.

«Жүкті әйелдерде бұл жүктілікті тоқтатуға, ер адамдарда – жалпы балалы бола алмауға әкелуі мүмкін».

Ходкинсон дәлелдерге тоқталған жоқ. Бірақ қазіргі кезде вакцина салдырған ерлерде бедеулікті және әйелдерде жүктіліктің тоқтатуын растайтын зерттеулер жоқ

Сонымен қатар, вакцинация қатысушылардың репродуктивті функцияларына әсер етпегенін дәлелдейтін зерттеулер жүргізілді. Мысалы, Майами университетінің ғалымдар тобының JAMA ғылыми журналында жарияланған зерттеулері.

Ғалымдар ерлердің фертильділігінің 4 негізгі индикаторын – сперматозоидтардың концентрациясы мен қозғалғыштығын, қозғалмалы сперматозоидтардың жалпы санын және шәует көлемін зерттеді. Зерттеу 2020 жылғы 17 желтоқсаннан 2021 жылғы 12 қаңтарға дейін созылды. Оған 18-50 жас аралығындағы 45 адам қатысты. Олардың 21-і Pfizer / BioNTech, ал 24-і Moderna вакцинасын салдырды. Қатысушылар шәует үлгілерін вакцинациядан бұрын және препараттың екінші дозасымен егілгеннен кейін 70 күн өткен соң тапсырды.

Зерттеу нәтижелері бойынша барлық 4 көрсеткіш төмендемеген, ал кейбіреулері артқан. Зерттеудің басында шәует концентрациясы төмен (шәует концентрациясы <15 миллион / мл) болған 8 ер адамның жетеуінде ол қалыпты диапазонға дейін өскен. Ғалымдар бұл көрсеткіштер тест тапсырар алдында жыныстық өмірдің белсенділігіне де байланысты екенін атап өтті.

Вакцинация жүктіліктің тоқтауына ықпал ететініне де ешқандай дәлел жоқ.

The New England Journal of Medicine журналы өткен жылдың сәуір айында Солтүстік-Батыс университетінің Фейнберг Медициналық мектебінің зерттеу нәтижелерін жариялады, ол жүктілік кезінде COVID-19 қарсы вакцина алған 84 әйелдің плацентасын және вакцинацияланбаған, бірақ SARS-CoV-2 оң сынақ нәтижесі болмаған 116 әйелдің плацентасын тексерді. 2020 жылғы 14 желтоқсаннан 2021 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде алынған мәліметтерге сәйкес, вакцинацияланған әйелдерде кейбір патологиялардың даму ықтималдығы аз болды. Ал тірі туылған нәрестелердің пайызы (86,1%), мерзімінен бұрын босану пайызы (9,4%) және басқа да қолайсыз нәтижелер COVID-19 пандемиясына дейін халық ішінде тіркелген пайыздан айтарлықтай ерекшеленген жоқ.

«Алдын ала нәтижелер COVID-19 мРНҚ қарсы вакцина алған жүкті әйелдер арасында қауіпсіздік туралы айқын сигналдарды көрсеткен жоқ. Дегенмен, аналық, жүкті және нәрестелік нәтижелер туралы ақпарат алу үшін жүктіліктің ерте кезеңдерінде вакцинацияланған көптеген әйелдерді бақылауды қоса алғанда, ұзақ бақылау қажет», – делінген зерттеуде.

Бұған дейін вакцинациядан кейінгі бедеулік туралы фейктерді жоққа шығарған болатынбыз.

Коронавирус бедеулік тудырады – фейк

Коронавирус бедеулік тудырады – фейк

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button