Fake News

Фейк: «КВИ қарсы вакциналарда генетикалық белсенді материалдар бар»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары Александр Редьконың сөзімен бөлісуде. Ол COVID-19 қарсы вакциналарда генетикалық белсенді материалдар бар деп мәлімдеді. Бұл өтірік.


Александр Редько– бірнеше рет жалған мәлімдемелер жасаған вакцинацияға қарсы танымал тұлға. Мысалы, бұған дейін ол вакциналар табиғи иммунитетті жояды, вакцинацияға келісе отырып, адамдар тәжірибеге қатысады, вакциналар адамдарға аденовирус жұқтырады, сондай-ақ жаппай вакцинациялау аясында өлім-жітім күрт өсті деп айтқан.
Таратылып жатқан видеода Редько көз етіп отырған генетикалық белсенді материалдарға саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, жануарлардың тұқымдық материалдары, адамдар және т.б. материалдар жатады. 
COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында мұндай ештеңе жоқ. Екпелердің құрамы баршаға қолжетімді және құпия емес.
Олармен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Иммундауға арналған препараттар ДНҚ-ны өзгерте алады деген теорияны мамандар мен фактчекерлер жоққа шығарған болатын. Олардың айтуынша, вакцинада ДНҚ сақталатын жасуша ядроларына енетін компоненттер болмағандықтан бұл мүмкін емес. 
Демек, Александр Редьконың вакциналарда генетикалық белсенді материалдар бар дегені жаңсақ пікір. Препараттардың құрамында мұндай компоненттер жоқ, олар адам геномына әсер ете алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button