Fake News

Фейк: «Егілген адамдар коронавирустың спайк ақуызын бөліп шығарады»

Telegram чаттарында COVID-19-ға қарсы егілген адамдар коронавирустың спайк ақуызын бөліп шығарады, сондықтан олар індетті басқаларға жұқтыруы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл мәлімдеме ғылымға қарсы.

Спайк ақуызы немесе S-ақуыз – бұл SARS-CoV-2 коронавирусының ағзаға енуіне септігін тигізетін протеин тікенек.
Ғалымдар бірқатар вакциналар жасауда ақуыздың нақ осы түрін қолданды. Қазақстанда қолданылып жатқан «Спутник-V» препаратының құрамына S-ақуызды кодтайтын ген кіреді. Бұл технология иммундық жүйеге патогенді тануға және вирусқа антиденелер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте вакцина алған кезде COVID-19 жұқтыру мүмкін емес.
COVID-19 қарсы вакциналар иық бұлшық етіне салынады. Яғни, ағзадағы S-ақуыздар бұлшық етте жергілікті синтезделеді. Адам оларды қоршаған ортаға тері немесе басқа органдар арқылы бөле алмайды. Вакцинацияланған адамдардың екпе салдырмаған адамдармен қарым-қатынасынан кейін соңғысының денсаулығының нашарлағанын растайтын ғылыми дәлелдер немесе құжатталған жағдайлар жоқ. 
Демек, вакцина жасатқан адам басқаларға індет жұқтырмайды және онымен байланыс ешқандай қауіп төндірмейді.
Бұған дейін профессор, медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ штаттан тыс инфекционисті Бақыт Көшерова COVID-19-ға қарсы егілген адамдар вирус тасымалдаушы болып табылатындықтан, карантин сақтауы керек деген қауесетті жоққа шығарған болатын, өйткені олар.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін адам тағы 60 күн бойы ауру жұқтыруы мүмкін»

Олай болса, вакцинацияланған адамдармен байланыс салдарынан қауіптену мағынасыз. COVID-19-ға қарсы екпе жасатқан адамдар коронавирустың S-ақуызын бөліп шығармайды және инфекция тасымалдамайды.

Бұған дейін егілген адамдармен байланыстан кейін вакцинацияланбағандарда қан кетеді, денесіне бөртпе шығады деген фейктерді жоққа шығарған болатынбыз. Қастандық теориясын жақтаушылар бұл симптомдарды қылқан жапырақтардың қайнатпасымен емдеуді ұсынады.

Фейк: «Қылқан жапырақты шай вакцинацияланған адамдармен байланыс кезінде инфекциядан қорғайды»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button