Жаңалықтар

Жалған: «COVID-19 қарсы вакцина алу арқылы сіз тәжірибеге қатысуға келісесіз»

Telegram чаттарында COVID-19 қарсы вакцина алған кезде адам тәжірибеге қатысуға келіседі деген хабар таратылуда. Бұл туралы профессор Александр Редько мәлімдеді. Сондай-ақ оның айтуынша, жаппай вакцинация басталғалы Израильде өлім екі есеге артқан. Бұл олай емес.

Александр Редько COVID-19 пандемиясына және вакцинация науқанына қатысты жалған мәлімдемелер үшін бірнеше рет сынға ұшыраған. Оның мәлімдемелерін қазақстандық және шетелдік фактчекерлер жоққа шығарды.
Пайдаланушылар таратып жүрген бейнелердің бірінде Александр Редько COVID-19 қарсы вакцина алғандардың бәрі тәжірибеге қатысатынын мәлімдейді. Бұл ретте ресейлік «Спутник-V» препараты жайлы айтылып отыр.

Шындығында, «Спутник V» вакцинасы клиникалық сынақтардың барлық кезеңдерінен өтіп, 67 елде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда мақұлданды.

Вакцинаның клиникалық сынақтарының I және II кезеңдерінің нәтижелері медициналық рецензияланған The Lancet журналында жарияланды.  Сонымен қатар, «Гам-Ковид-Вак Лио» лиофильді кептірілген вакцинасын сынау нәтижелері көпшілікке қол жетімді.
Сынақтардың III кезеңінің нәтижелері де Желіде бар.  Вакцина 60 жастан асқан адамдарда сыналды.
Сынақтар Үндістан, Беларусь, БАӘ және Венесуэлада өтті.
Сынақ нәтижесі препараттың жоғары тиімділігін көрсетті. Елеулі жанама әсерлер анықталған жоқ. 
Бұл «Спутник-V» дәлелденген, сынақтан өткен, тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген вакцина екендігінің белгісі. Демек, препаратты қабылдау арқылы адамдар тәжірибеге қатыспайды, олар өздерін және басқаларды COVID-19 жұқтыру қауіпінен қорғайды.
Редьконың жаппай вакцинация басталғалы Израильде өлім статистикасы екі есеге өсті деген мәлімдемесі де дұрыс емес. Nature журналының мәліметі бойынша, егу науқаны басталғаннан кейін екі ай өткен соң, ауру жұқтыру көрсеткіші 77% – ға, ауруханаға жатқызу жағдайларының саны 68% – ға азайды, ал ауыр жағдайлардың саны 67% – ға төмендеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button