Фейк:«Вакцина балалардың табиғи иммунитетін бұзады»
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцина балалардың бойындағы «барлық ауруларға табиғи иммунитетті» жояды, нәтижесінде балалар кез келген, тіпті жай инфекцияларға төтеп бере алмай, олардан өліп кетуі мүмкін екендігә туралы бейнеролик таратылуда. Бұл жалған.
Видеода ресейлік хирург, м. ғ. д. Александр Редько балаларды вакцинациялаудың мағынасы жоқ, өйткені балалар COVID-19 сирек ауырады, ал оны жұқтырған жағдайда, ауру симптомсыз өтеді деп мәлімдейді. Өкінішке орай, бұл олай емес.
Балалар да ересектер сияқты КВИ-мен ауырады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының ресми сайтында айтылған. Індет балаларда ересектерге қарағанда көбінесе жеңіл өтеді, бұған қарамастан, олардың да арасында ауыр жағдайлар мен өлім-жітім болады. Демек, балалар да COVID-19 құрбанына айналуы және аурудың қоздырғышы болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда тек Pfizer/BioNTech шығарған COVID-19 қарсы вакцина ғана тиісті зерттеулерден өтті және 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакцинациялау үшін қолданылуда. Клиникалық сынақтарға 12 жастан 15 жасқа дейінгі 2 260 жасөспірім қатысты, препаратты салдырған барлық қатысушыларда ауруға қарсы иммунитет қалыптасты, бұл жақсы көрсеткіш болып саналады. Вакцинаға елеулі жағымсыз реакциялар, сондай-ақ сынақ барысында егілген адамдарда иммунитеттің бәсеңдеуі туралы хабарланған жоқ.
Сонымен қатар, COVID-19 қарсы вакциналар иммунитетті әлсірете алмайды. Бұл препараттар АИТВ бар адамдар үшін де тиімді және қауіпсіз екендігі дәлелденген.
Бұған дейін біз COVID-19-ға қарсы вакцинамен бірге адамдарға «иммун тапшылығы» егіледі деген фейкті жоққа шығардық.
Осылайша, вакциналар иммунитетті әлсіретеді және балаларды кез келген инфекцияға осал етеді деген идеяға ешқандай дәлел жоқ. Препараттардың клиникалық зерттеулерінің нәтижелері жақсы нәтиже көрсетуде және вакцинация саодарынан балалардың иммундық жүйесі әлсірейді деуге негіз бола алмайды.