Фейк: «Sars-CoV-2 вирусының оқшауланбағаны құжатта көрсетілген»
Қазақстандықтар Желіде АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) SARS-CoV-2 вирусы ешқашан оқшауланбағаны туралы құжаты табылғаны туралы ақпаратпен бөлісуде. Бұл олай емес.
Құжат азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасының (FDA) ресми сайтында жарияланған. Оны түзету тарихына қарағанда ол 2020 жылдың ақпан айында әзірленген.
Құжатта SARS-CoV-2 коронавирусын анықтау үшін ПТР талдауын жүргізу жөніндегі ұсыныстар жазылған.
41-бетте ПТР тесттер жасаған кезде ешқандай 2019-nCoV (2020 жылдың 11 ақпанынан бастап SARS-CoV-2 деп аталады) «вирустың сандық изоляттары» CDC-ге қол жетімді болмағаны айтылған.
Демек, ол кезде АҚШ-та тестілеу үшін оқшауланған материал жеткіліксіз болған, себебі елде инфекция жұқтырудың алғашқы жағдайы 2020 жылдың 20 қаңтарында ғана тіркелген. Осыған байланысты зертханалар вирусқа генетикалық ұқсас жасанды материалмен жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Бірақ, басқа елдерде, мысалы Қытайда, SARS-CoV-2 вирусы оқшауланды және оның геномы 2020 жылдың қаңтарында толығымен ашылды.
CDC құжатында келтірілген тұжырым вирустың мұлдем оқшауланбағанының белгісі емес. Онда тек 2020 жылдың ақпан айында SARS-CoV-2 коронавирусы АҚШ-та оқшауланбағаны ғана жазылған, өйткені ол кезде елде ауру жұқтыру жағдайлары аз болды.
Қазіргі уақытта SARS-CoV-2 вирусы көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ-та да оқшауланды. Оның үлгілері CDC-де сақталуда, бұл туралы орталықтың ресми сайтында айтылған.
Қорыта айтқанда, CDC оқшауланған SARS-CoV-2 вирусының кейбір жерде болмауы жалпыға қол жетімді құжатты дұрыс түсіндірмеуге негізделген фейк екендігін ресми түрде растады.