Fake News

Фейк: «Алматыда жасанды бұлттар байқалды»

Instagram-да Алматыда түсірілген ерекше бұлттардың видеосы жарияланды. Бұл жасанды бұлттар екен. Бұл рас па? Тексерейік.

 

Видеоның қай жерде және қашан түсірілгенін анықтау үшін оның скриншотын суреттерді кері іздеу құралдарының көмегімен тексердік. Нәтижесінде, бұл кадрлардың 2021 жылы Қытайдың Шицзячжуан қалалық округінде түсірілгені белгілі болды.

Бұл бұлттар жасанды емес. Бұл Мамматус бұлттары. Бұл түйдек бұлттардың бір түрі. Мамматус бұлттары кәдімгі түйдек бұлттардағы турбуленттіліктің нәтижесінде пайда болады. 

Пост авторы «жасанды бұлттар» видеосына ғалымдар В. Б. Лапшин мен А. А. Палей авторлары болып табылатын бұлттардың жасанды түзілу әдісіне берілген патенттің скриншотын тіркеді.

Интернетте бұл патентті скриншоттағы нөмір бойынша табуға болады. Патент Желіде 2005 жылдан бері бар. 

Патенттік өтінім де сол кезде мақұлданған болар. Алайда, ол қазір жарамды ма, сипатталған технологияны жүзеге асыра алды ма, мұны  айту мүмкін емес, өйткені ол үшін ақпарат жеткіліксіз.

Қорыта айтқанда, видеода жасанды емес, табиғи бұлттар көрсетілген. Кадрлар Қазақстанда емес, Қытайда түсірілген. Демек, таралған видео – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button