Fake News
Фейк: «Ғалымдар Эбола безгегіне қарсы вакцина жасай алмады»
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде ғалымдардың вакциналар жасау саласындағы жетістіктерін талқылауда. Пайдаланушылар Эбола ауруына қарсы вакцина жоқ, ол әлі әзірленбеген деп жазады. Бұл жалған.
Шын мәнінде Эбола безгегіне қарсы бірнеше вакцина бар. Бұл ауруға қарсы мақұлданған ең алғашқы дәрі – Ervebo. Еуропалық комиссия 2019 жылдың қараша айында вакцинаны сатуға шартты түрде рұқсат берді.
Екінші мақұлданған препарат – Johnson & Johnson әзірлеген Zabdeno.
Сондай-ақ, Newlink Genetics және Merck компаниялары әзірлеген VSV-EBOV вакцинасын қолдануға рұқсат етілді.
Бүгінгі таңда Эбола безгегіне қарсы бірнеше вакцина бар, олар әзірлену үстінде.
Демек, ғалымдар Эбола ауруына қарсы вакцина әзірлей алмады деген ақпарат жалған.