Fake News

Фейк: «Табиғатта оқшауланған бірде-бір вирус жоқ»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар әлемде бірде-бір вирус оқшауланбаған, ал вирустардың өзі табиғатта жоқ деп мәлімдеген белгісіз біреудің аудиожазбасымен бөлісуде. Бұл тұжырым ғылымға қайшы келеді және ешқандай дәлелі жоқ.

Ол адамның айтуынша, ғалымдар вирустардың орнына «биопатогендік материалдардың» үлгілерін сақтайды дейді. Бұл жалған. Вирустар қайта қаралған Кох постулаттарын бойынша бөлініп алынады және оқшауланады. Бұл туралы біз жазған болатынбыз. 
Одан әрі оларды не қатырылған, немесе кептірілген күйде сақтайды.
Аудиохабарлама авторының келесі тұжырымдамасы РМҒА академигі, профессор Георгий Сомов тірі кезінде вирустар жоқ деп мәлімдегені айтылған. Сомов 2009 жылы қайтыс болды, сәйкесінше, оның бұлай айтқан-айтпағанын білу мүмкін емес. Алайда ол вирустарды және олар тудыратын ауруларды зерттеумен айналысқан. Ол вирустар ойдан шығарылған деп көпшілік алдында мәлімдеме жасаған емес.
Аудиохабарлама авторы вирустар – бұл адамның ДНҚ-ның бөліктері екендігі туралы айтқан жорамалы мүлдем дәлелденбеген. Бүгінгі таңда вирустардың пайда болуының бірыңғай ғылыми нұсқасы жоқ. Дегенмен, олардың бөлек биологиялық түр, нақты бар екендігі және жасушадан тыс тіршілік формасы болып табылатыны дәлелденді. 
Сонымен қатар, адамдар Жердің орбитадағы жағдайына қарамастан вирустарды жұқтырады, дейді хабарлама авторы. Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты емес герпес, гепатит, теміреткі және басқа да аурулар тудыратын вирустар бар.
Демек, хабарламада айтылған барлық мәлімдемелер дәлелденбеген немесе фейк болып табылады және оларға сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button