Жаңалықтар

Дәлелсіз: «Клаус Шваб Интернетті реформалау керек деп мәлімдеді»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб фейктердің онлайн көп таралуына байланысты Интернетті реформалау керек деп мәлімдегені туралы ақпарат таралуда. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

Қазнетте Клаус Шваб айтты деген сөз Twitter-дегі хабарламаның скриншоты түрінде тарады. Интернетті реформалау туралы мәтіні бар хабарлама Дүниежүзілік экономикалық форумның аккаунтында орналастырылған. Бірақ ДЭФ-тің Twitter-аккаунтында мұндай ақпарат жоқ. 
28 наурызда Reuters порталында Клаус Швабтың Дүниежүзілік Желіні қайта құру туралы нақты мәлімдегеніне ешқандай дәлел жоқ деп жазылған материал жарияланды. 
Ол кезде Швабтың дәйексөзін ағылшын тілді қолданушылар келтірген болатын. Айта кетейік, Reuters агенттігінің хабарлауынша, Интернетті реформалау туралы сөз алғаш рет Libertarian Candidates деп аталатын аккаунтта шыққан. Бұл ретте твиттің өзінде Клаус Швабтың тегінде қате жіберілген. Онда Schwab-тың орнына Schawb деп жазылған.

Сондай-ақ, Reuters материалының мәтінінде Twitter-де Интернетті реформалау туралы жазбаларды іздеу нәтижелері келтірілген. Олар Клаус Швабтың аккаунтында да, ДЭФ парақшасында да мұндай хабарламалар болмағанын дәлелдейді.
Демек, Клаус Шваб Интернетті қайта құруға ниетті деген ақпарат негізсіз және бұрмаланған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button