Фейк: «Аралар 5G әсерінен өледі»
Әлеуметтік желілерде 5G форматындағы желілер әсерінен аралар жойылуда деп жазылды. Бағаналар сәулелерінің күшті болғандығы сонша, жәндіктер оған жақындағанда бірден өледі, ал адамдар «баяу күйікке шалынады». Бұл шындыққа жанаспайды.
5G желілері аралар үшін қауіпті деген теория Желіде 2020 жылдың мамырында тараған. Ол кезде оған Германияның Федералды радиациялық қорғаныс басқармасының (BfS) өкілдері назар аударады. Олар жалпы ұялы байланыстың әсіресе 5G-дің жәндіктерге әсері туралы ондаған түрлі зерттеулерді зерттеп, «таратқыштардан шығатын өрістердің қарқындылығы тірі организмдердің биологиялық қызуына соқтыратындай жеткіліксіз» деген қорытындыға келді.
Көптеген қастандық теорияларына қарамастан, адамдар үшін 5G желілері зиянсыз.
5G – бұл Beam Forming және Massive mimo технологиялары арқылы жұмыс істейтін жаңа буындағы ұялы байланыс форматы. Технология туралы физик және ғылымды насихаттаушы Дмитрий Побединский егжей-тегжейлі баяндайды.
Технологияның қауіпсіздігін жалпыға қол жетімді ғылыми зерттеулер растайды. Олар баршаға қолжетімді. Сондай-ақ, бұл мәселемен Иондамайтын сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның (ICNIRP) мамандары айналысқан. Олар 5G жүйесінің қауіпсіздігіне өзіндік бағалау жүргізіп, инновациялық технология денсаулыққа зиян келтіре алмайды деген қорытындыға келді.
Еуропалық Парламенттің 5G-дің адам денсаулығына әсері туралы есебінде технология «адамдарды күйдіреді» деген болжам жасауға негіз болатын деректер де жоқ.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат өтірік және конспирология болып табылады. Оған сенбеген жөн.