Fake News

Дәлелсіз: «КВИ қарсы вакцинация нәтижесінде балаларда ауыр жанама реакциялар болады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары жақын арада COVID-19 қарсы егілген балалар жаппай қорқынышты аурулармен ауыра бастайды деген болжам айтуда. Бұған вакцина себеп болмақ. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін деп айтуға негіз жоқ.

Конспирологиялық теорияларды жақтаушылар COVID-19 қарсы вакцина балаларда Гийена-Барре синдромының және жедел, летаргиялық миелиттің дамуына себеп болады деп санайды.
Қазіргі кезде Pfizer-BioNTech вакцинасы 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға қолдануға мақұлдау процесінен өтуде. 
Бұл вакцина ешқашан Гийен-Барре синдромымен немесе миелитпен байланысты болмаған.
Гийена-Барре синдромы Janssen немесе AstraZeneca вакциналарын алған адамдарда дамыған жағдайлар болды. Алайда, барлық жағдайларда науқастар толығымен жазылып шықты. 

Коспирологияны жақтаушылар, биыл балалар арасында өткір миелиттің өршуі мүмкін екендігі туралы фейк ақпараттан кейін ауруға қызығушылық таныта бастады. Іс жүзінде, мұндай болжамдар болған жоқ.

Фейк: «Ауруларды бақылау орталығы күзде балалар арасында полиомиелиттің өршитіні туралы ескертті»

Демек, балаларда КВИ қарсы вакциналардан болатын елеулі жанама әсерлер туралы қорқыныш негізсіз және олар теріске шығарылған қастандық теорияларынан туындаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button