Фейк: «Қытайда адамдарды қорқыту үшін пандемия туралы қойылымдық сюжеттер түсірілуде»
Қазнет қолданушылары қорғаныс костюмін киген актерлер тобын бірден бірнеше камера түсіріп жатқан видеоролик тарады. Онда Қытайда COVID-19 пандемиясы туралы жалған жаңалықтар осылай түсіріледі деп жазылған. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, видеода қытайлық фильмнің түсірілімінен бэкстейдж көрсетілген. Драма сюжеті COVID-19 пандемиясы өршіген уақытта ауруханада өрбиді. Басты кейіпкерлер – дәрігерлер мен пациенттер. Фильмде дәрігерлердің бірінің рөлін қытайлық актриса Джина Джин сомдады. Ол түсірілім алаңындағы кадрларды Қытайдың әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. Бейнежазбада бұл жаңалықтар сюжеті емес, көркем фильм түсіру екендігі анық көрсетілген.
Гонконг университетінің Annie Lab порталының фактчекерлері актрисамен жеке байланысқа шығып, роликтің фильмді түсіру кезінде түсірілгенін растады.
Таратылатын кадрлар нақты жаңалықтар сюжетінің бэкстейджі емес екенін Lead Stories платформасы да растайды. Фактчекерлердің айтуынша, таратылған видеода оқиғалар орын алған аурухананың атауын көруге болады. Түсірілім нақ осы ауруханада жүргізілген. Ал осындай видеокадрлармен жаңалықтар сюжеті түсірілмеген.
Демек, таратылған хабарлама – фейк. Кадрларда көрсетілген жағдай жаңалықтар сюжетін түсіру емес.