Fake News

Фейк: «Ауруларды бақылау орталығы күзде балалар арасында полиомиелиттің өршитіні туралы ескертті»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) күзде балалар арасында полиомиелиттің өршитіні жайлы ескерткені туралы хабарлама таратуда. Онда Pfizer және Moderna шығарған вакциналарда құпия ингредиенттер бар делінген. Мұның бәрі өтірік.

СDC ескертуі туралы ақпаратты FactCheck.org басылымы жоққа шығарды.

Мәтінде хабарламаның Sputnik сайтында жарияланған былтырғы жаңалыққа негізделгені айтылған. Ол кезде СDC жедел миелитпен ауыру жағдайларының көбеюі ықтималдығы туралы ескерткен.

Алайда, биыл 19 тамызында Asian News International қателесіп, оны жаңа ақпарат ретінде жариялаған.

СDС ресми сайтында 2021 жылы полиомиелиттің өршитіні туралы ескертулер жоқ.

Pfizer және Moderna шығарған вакциналар құрамындағы құпия ингредиенттер туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды.

Препараттардың толық құрамы баршаға қолжетімді. Онымен мына жерде танысуға болады:

Pfizer; 

Moderna.

Вакцинаны әзірлеушілер де, БАҚ та екпенің құрамындағы құпия ингредиенттер туралы хабарлаған жоқ.

Қорыта айтқанда, балалар арасында полиомиелиттің таралуы және вакциналар құрамындағы құпия компоненттер туралы хабарлама фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button