Жаңалықтар

Яндекс Такси атынан ұсынылатын сыйлықтар – интернеттегі тағы бір алаяқтық

Қазақстандықтар мессенджерлерде сыйлық алуға мүмкіндік беретін сауалнама сілтемесін таратуда. Пайдаланушыларға үш сұраққа жауап бергені үшін Яндекс Таксиге 100 тегін сапар жасау үшін жарнамалық код ұсынылады. Шындығында, сілтеме жеке мәліметтерді жинау үшін жасалған кезекті фишингтік сайтқа апарады.

Пайдаланушы қарапайым сұрақтарға жауап беруі керек: бұл сервистің қызметін пайдаланасыз ба? Оны басқаларына ұсынасыз ба? Промокод керек пе? Осыдан кейін пайдаланушыға сайтқа сілтемені WhatsApp-тағы 20 адамға жіберу ұсынылады. Сауалнамадан өткені үшін «берілетін» жарнамалық код – жарамсыз. Есесіне, алаяқтар тегін жарнамаға ие болады, қолданушының әлеуметтік желілердегі парақшаларына және мәліметтер базасына қолжеткізеді. Сондай-ақ, мұндай күмәнді сайттарда компьютерлік вирусты енгізу ықтималдығы жоғары. Сайтты жасаушылар заңды мекен-жайын да, телефонын да көрсетпейді. Бірақ одан жарнамалық кодты алып, алғысын білдірген клиенттердің пікірлерін оқи аласыз. Шын мәнінде бұл өтірік. Мәтін, атаулар мен фотосуреттер – бұл жай ғана суреттер, олар белсенді емес және әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларға апармайды. Шын мәнінде, Яндекс Таксидің осындай сайттар мен акцияларға ешқандай қатысы жоқ. Барлық сенімді ақпаратты компанияның ресми сайтынан оқу керек https://taxi.yandex.ru/.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button