Fake News

Фейк: «Биыл әлемдік үкімет интернетті толығымен өшіреді»

TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған роликте ер адам 2021 жылы «сатанистер» деп аталатын әлемдік үкімет мүшелері интернетті ай сайын өшіреді, содан кейін оны біржола жояды деп мәлімдейді. Сондай-ақ, құпия қоғамдастық Жер халқын чиптеу мен эвакуациялауды жоспарлаған екен. Мұның барлығы конспирология.

Біріншіден, 2021 жыл аяқталып қалды және интернетті толығымен өшірілген жоқ. 4 қазанда орын алған кейбір әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің уақытша істен шығуы Желіні өшіру деп санауға болмайды, өйткені ол жұмыс істеп тұрды және веб-сайттардың басым бөлігі қолжетімді болды. 
Шын мәнінде, біз білетін Интернет тарихында Желі мүлдем толық өшірілмеген. Кейбір жекелеген елдерде үкіметтің цензурасы, кибершабуылдар немесе конфигурациядағы бұзушылықтар нәтижесінде оның жұмысында ақаулар болды. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 16 ішінара немесе жергілікті ажыратулар тіркелген.
Екіншіден, бүкіл әлем бойынша дүниежүзілік Желінің толығымен өшірілуі екіталай. Интернет – бұл күрделі және өте кең жүйе, және онда бірыңғай байланыс нүктесі жоқ. Сонымен қатар, Интернетті толығымен өшіру әлемде тәртіпсіздік тудыруы мүмкін, өйткені қазіргі уақытта банк және қаржы жүйелері, азық-түлік және басқа да тауарлар, қоғамдық көлік қозғалысы және адам қызметінің көптеген маңызды аспектілері желіге қосылуға тікелей байланысты.
Үшіншіден, қазақстандықтар таратып отырған TikTok-тағы болжам өзіне-өзі қайшы келеді. Өйткені, Интернетке қосылмаса және белгілі бір сигналдарды жібере алмаса, нақты уақыт режимінде операцияларды орындамаса, электрондық чиптер қажет болмайды.
Төртіншіден, адамдарды чиптеу және әлемді құлдыққа салу жөніндегі қорқынышты жоспарларды жүзеге асыратын сатанистік глобалистердің белгілі бір құпия қауымдастығы туралы теориясы Q-anon деп аталатын өте ауқымды қастандық теориясының бір бөлігі болып табылады. Ол 2017 жылдан бері бар, бірақ осы уақытқа дейін расталмаған, бірнеше рет теріске шығарылып, радикалды және қауіпті деп танылған.

Демек, болжамды фейк деп санауға болады, өйткені: Интернет тарихында Желі ешқашан толық өшірілмеген. Әлемде Интернетті өшіруге мүмкіндік беретін бірде-бір түйме немесе механизм жоқ. Дүниежүзілік Желіні өшіру қазіргі өмірдің көптеген салаларында үлкен коллапсқа әкелуі мүмкін. Чиптеу мен әлемді басқаратын сатанист-глобалистер туралы теориялар қастандық теориялары болып табылады және бірнеше рет әшкереленген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button