Трансплантация туралы мәліметтермен қалай манипуляция жасайды және өлімнен кейінгі донорлық туралы не білу керек
Қазақстандықтарды әлеуметтік желілердегі органдарды ауыстыру бойынша жасалатын заңсыз операциялар туралы жарияланымдармен қорқытуда. Осындай посттардың бірінде, автор ағзаның донорларын іздеуде бүкіл әлемді аралайтын хирургтар туралы жазады. Мұндай хабарламаларды көбінесе ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің қабылдануына қарсы адамдар таратады. Stopfake.kz әлеуметтік желілердеді мәлімдемелердің қайдан шыққанын анықтады. Қазақстанда органдар трансплантологиясы заңды түрде қалай реттеледі.
Пайдаланушылар Instagram-да жариялаған стористердің тақырыптары 1, 3 және 7 жыл бұрын БАҚ-та шыққан әртүрлі материалдардан алынған.
«Израильдіктер мен немістер Қазақстанда бүйректерді екі есеге арзан сатып алып, ауыстырып салған».
Дереккөз: 2019 жылдың қараша айында қазақстандық телеарнада шымкенттік трансплантолог-дәрігер Абылай Донбайдың ұсталғаны туралы сюжет жарық көрді. Дәрігерді халықаралық ҰҚТ қатысқан деген айып тағылды. Іс әлі күнге дейін сот өндірісінде. Бірінші отырыс 2020 жылдың мамыр айында өтті.
Заң қалай жұмыс істейді:
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 209-бабының 4 тармағы
Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялаған кезде:
1) адамнан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) мәжбүрлеп алуға;
2) адамды өзінің ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) беруге мәжбүрлеуге;
3) адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға;
4) кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) алуға;
5) қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға трансплантаттау үшін алуға;
6) денсаулығының жай-күйі, жасы немесе өзге де себептер бойынша өзінің жеке басы туралы деректерді хабарлай алмаған және қайтыс болуын растау кезінде жеке басы анықталмаған адамдардан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға тыйым салынады.
Instagram-дағы посттың авторы қайтыс болған 22 жастағы ақтөбеліктің бүйрегінің алынғандығы туралы оқиғаны есіне алады.
Дереккөз: Қазақстандық БАҚ бұл оқиға туралы 2017 жылы жазған. Жігіттің отбасы бұл операцияға рұқсат сұрамағаны үшін дәрігерлерді сотқа берді. Іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды, өйткені Қазақстанда «келісім презумпциясы» әрекет етеді.
«Тергеу кадаврдан транспланттау (мәйіт донорлығы) мәселелерін реттейтін ережелер бұзылмаған деген қорытындыға келді», – деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасының аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев.
Заң қалай жұмыс істейді:
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 212-бабының 3 тармағы
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) трансплантаттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін осы тармақтың екінші бөлігінде аталған өзге адамдар оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдегенінен хабардар болса, жол берілмейді.
Адамның тірі кезіндегі ерік білдіруі болмаған жағдайда, оның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) трансплантаттау үшін алуға өзінің келіспейтіні (келісімі) туралы жазбаша мәлімдеуге жұбайының (зайыбының), ол болмаған кезде жақын туыстарының бірінің құқығы бар.
Келесі стористе автор былай жазады: «Хирургтер әлемді аралап, бақылау болмаған жерлерде органдарды трансплантациялау үшін заңсыз операциялар жасайды. Трансплантациядан кейін бірнеше күн өткен соң Оңтүстік Африкадағы немесе Бразилиядағы аурухананың бұл әрекеттері баршаға мәлім болса, дәрігерлер басқа елге кетеді. Бүгінде Кипр мен Қазақстандағы клиникалар «танымал».
Дереккөз: Stopfake.kz мен бұл мәтіннің 2013 жылғы маусымда «Deutsche Welle» сайтында жарияланған мақаладан алынғаны анықтады. Материалда әлемдегі донорлық органдардың тапшылығы, заңды және заңсыз трансплантация туралы, сондай-ақ трансплантация туралы заңды бұзғаны үшін Германия заңнамасында донор үшін де, алушы үшін де, тіпті шетелде жүргізілген операциялар үшін де бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны жайлы айтылған.
Заң қалай жұмыс істейді
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 217-бабы
Адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушаларды, эмбриондарды әкелу, әкету үшін негіздер
- Адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында трансплантаттау қажет болған;
2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет болған;
3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзілген кезде жүзеге асырылады.
- Адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
2) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;
3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзілген кезде;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донордың гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерін шетелде тұратын және трансплантаттауды күтіп жүрген реципиентке трансплантаттауды жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.
Бұл оқиғалардың барлығына ортақ нәрсе – донорлыққа, көбінесе қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа деген наразылық. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің осы нормасы қоғамда ең көп талқыланады. Осы тақырыптағы пікірталастар туралы Stopfake.kz қыркүйек айында жазған болатын.
Нормаға қарсы адамдар дәрігерлердің қайтыс болған адамның тұтастай ағзасын емес, ми ағзаларын ғана алатынына наразы. Алайда, мидың өлімі – бұл ми қыртысы жасушаларының қайтымсыз жойылуы. Медицинаның дамуының осы кезеңінде адам енді «өмірге қайтып келмейді».
«Ми өлімінің нақты синонимі – «шектен тыс кома» ұғымы, оны емдеу мағынасыз. Мидың өлімі анықталған науқас, «тірі мәйіт» секілд (Википедия) .
Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімінде Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаннан кейін оның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) трансплантаттау мақсатында алуға келісімі немесе одан бас тартуы туралы ерік білдіруін тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе “электрондық үкіметтің” веб-порталында жүргізілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта дәрігерлер мәйіттік трансплантацияның төмендегенін атап өтуде. Егер 2017 жылы 32 қайтыс болған адамның донорлық органдары 100-ден астам адамның өмірін сақтап қалуға көмектессе 2020 жылдың 6 айында дәрігерлер қайтыс болған бір адамның ғана ағзаларын алған. 31 жастағы павлодарлықтың органдары 5 адамға жаңа өмір сыйлады. Дәрігерлер ер адамда ми өлімін тіркегеннен кейін туыстары донорлыққа келісім берген.
ҚР ДСМ трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық сайтының деректері бойынша, 2020 жылдың қазан айына донорлық органдарға 3242 қазақстандық кезекте тұр. Реципиенттердің басым бөлігі – 2858 адам – донорлық бүйрекке мұқтаж. Оның 100-і балалар. Тағы 137 ересек адам мен 7 бала жүрек алмастыру кезегіне қойылған.