Fake News

Фейк: «Вакциналар инфекциядан қорғамауы керек»

Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде Ақ үйдегі COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларының бұрынғы үйлестірушісі Дебора Биркстің мәлімдемесімен бөлісуде. Таралған үзінді бойынша, ол COVID-19 қарсы вакциналар инфекциядан қорғамауы керек деп мәлімдееген екен. Бұл өтірік және манипуляция.

Доктор Дебора Биркс осы жылдың 22 шілдесінде FOXNews телеарнасына сарапшы ретінде шақырылған. Ол эфирде аурушаңдық статистикасы және өзін-өзі аурудан қалай қорғауға болатындығы туралы айтты. Оның сөйлеген сөзінің видеосын телеарнаның ресми сайтынан көруге болады. Онда Дебора Биркс былай дейді:

«Егер аурушаңдық толқыны ортасында болсаңыз, онда Paxlovid (COVID-19 емдеуге арналған препарат – ред) құтқара алады. Дегенмен, вакцинациядан, ревакцинациядан өтуіңіз керек. Бұл сіздерді қорғайды деп ойлаймыз, әсіресе 70-тен ассаңыз. Бұл вакциналар инфекцияның өзінен қорғамайтынын білдім. Менің ойымша, біз вакциналармен аздап асырып жібердік. Енді адамдар вакциналар аурудың ауыр ағымынан және ауруханаға жатқызудан қорғамайды деп алаңдауда. Шындығында, вакциналар одан қорғайды. Бірақ ашығын айтайық: омикрон нұсқасын жұқтыру салдарынан қайтыс болғандардың 50%-ы қарт және вакцинацияланған адамдар болды. Сондықтан вакцинацияланған, ревакцинацияланған болсаңыз да, әсіресе, егілмесеңіз – COVID-19-ға тест тапсыру және Paxlovid маңызды».

Демек, Дебора Биркс вакциналар аурудың ауыр түрінен, ауруханаға жатқызудан және өлімнен қорғайтынын атап өтті. Бұл ілеспе аурулары бар қарт адамдар үшін өте маңызды.

Сондай-ақ Дебора Биркс COVID-19 қарсы Paxlovid деп аталатын препараттың тиімділігі туралы айтты. Препарат осы жылдың 6 шілдесінде Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық қадағалау басқармасында авторизацияланды.

Қорыта айтқанда, доктор Биркстің COVID-19 қарсы вакциналары қорғамайды деген тұжырымы контекстен үзіп алынған. Ол өз сөзінде уақытылы иммундау маңызды екенін және аурудың ауыр түрінің, ауруханаға жатқызудың және өлімнің алдын алуға септігін тигізетінін атап өтті.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button